Добавить новость
ru24.net
World News
Ноябрь
2024

Өзбекстан мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің жетекшісі отставкаға кетті

0
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің басшысы Әбдісалам Азизовті 23 қараша күнгі үкімет отырысы кезінде қызметінен босатты. 


Азаттықтың Өзбек қызметінің дереккөзінің хабарлауынша, президенттің шешімі министрлер кабинетінің шұғыл отырысында жарияланған. 


Әбдісалам Азизовтің орнына Баходир Құрбанов тағайындалған. Дегенмен Құрбановты мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің басшысы қызметіне тағайындалғаны ресми түрде әлі хабарланбады. 


2019 жылдың ақпан айынан бері қорғаныс министрі қызметін атқарған Баходир Құрбанов бұл қызметке осы бейсенбі күні ғана қайта тағайындалған еді. 


Әбдісалам Азизовтің отставкаға кету себебі белгісіз. 


Азаттықтың дереккөздері Азизовтің отставкасын президент әкімшілігінің бұрынғы қызметкері Комил Алламжоновқа жасалған қастандықпен байланыстырады. 26 қазанда Ташкент облысы Кибрай ауданында Алламжоновтың көлігіне белгісіз біреулер оқ атқан. Алламжоновтың өзі зардап шекпеген. 


Дереккөздердің айтуынша, жуырда үкіметтегі жоғары лауазымды шенеуніктер мен ішкі істер министрлігі және мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің жоғары лауазымды тұлғалары аталған оқиғаны тергеуге кедергі келтіргені үшін қызметтерінен босатылған. 



Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus




Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса
ATP

Российский теннисист Андрей Рублев проиграл 102-й ракетке мира и не прошел в финал турнира ATP в Монпелье






Власти РФ поддержали повышение штрафа за несообщение в военкомат о переезде

Врач Радько: коррекция прикуса поможет нормальной вентиляции носовой полости

В Бутырском районе реставрируют храм, в который в советское время встроили завод

Горка для ватрушек в Лужниках закрылась до будущей зимы из-за аномального тепла