Добавить новость
ru24.net
World News
Ноябрь
2024

ҰҚШҰ отырысына байланысты Астанада көшелер жабылып, әуеге әскери ұшақтар көтерілмек

0
Астанада 27-28 қарашада Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) ұжымдық қауіпсіздік кеңесі отырысы кезінде және оған дайындық барысында бірқатар көшеде қозғалыс шектеліп, әуеге әскери ұшақтар көтеріледі. Бұл туралы 25 қарашада Қазақстанның мемлекеттік күзет қызметі хабарлады.


"Дайындық кезінде Қазақстанның арнаулы мемлекеттік, құқық қорғау және қарулы күштер ресурстары, оның ішінде әскери авиация мен техника пайдаланылады", – деп жазылған ресми хабарламада.


Мемлекеттік күзет қызметі 27 қарашаға Астана қаласында қорғаныс министрлігінің майдан авиациясын ұшыру жоспарланып отырғанын айтты.


28 қарашада Астанада ҰҚШҰ елдерінің сыртқы істер министрлері және қорғаныс министрлері кеңесінің, қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің бірлескен отырысы, сондай-ақ ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясы өтеді.


Ұйымның баспасөз қызметі тараптар жиында ұжымдық қауіпсіздік аймақтарындағы әскери-саяси жағдай туралы пікір алмасып, ҰҚШҰ аясындағы әріптестік қорытындысын және ұжымдық қауіпсіздік жүйесін одан әрі дамыту келешегін талқыламақ деді. Ақпаратқа қарағанда, Екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңістің 80 жылдығын бірге атап өтуге дайындық мәселелесіне "ерекше назар аударылмақ".


Биыл қазанда Мәскеуде өткен Тәуелсіз мемлекеттер достастығы (ТМД) елдері кеңесінің жиынында сөз сөйлеген Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осыған байланысты ойын айтқан.


– Бұл – достастық елдерінің барлық халқын біріктіретін айтулы күн. Еркіндік пен әділдік салтанаты нышанына баланатын мазмұнды мереке. Әкелеріміз бен аналарымыздың, соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің адамзат тарихындағы өшпес ерлігін әрдайым есте сақтауға тиіспіз, – деді Қазақстан президенті.


Биыл шілдеде Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитеті Астанада өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммиті кезінде Астана, Алматы, Қарағанды, Көкшетау қалаларында террорлық қауіптің "сары деңгейін" енгізген. Саммитке байланысты көшелерде, алаңдарда, стадиондарда, саябақтарда, вокзалдарда, әуежайларда, метрода, бұқаралық іс-шаралар өтетін орындарда күзет күшейтілген.



Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus




Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса
Елена Рыбакина

Автор уникального достижения высказалась о победе над Рыбакиной






ЧУЖОЙ СРЕДИ СВОИХ: НОВЫЙ СЕЗОН «ПРИТВОРЩИКОВ» НА «ЧЕ!»

Рывок акций "Россети": рост на 2% после одобрения Путиным сделок с акциями

Самый странный трансфер этой зимы провернул «Зенит». Разозлил даже своих фанатов: зачем Семаку нужен Зделар?

Звание почётного гражданина Казани получат 59 ветеранов