Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату шартын рәсімдеу қанша тұрады?
Құжатты рәсімдейтін нотариус қызметі
Жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату шартын рәсімдеу және куәландыру құны сатушы мен сатып алушының кім екеніне байланысты анықталады.
Мәселен, екеуі де жеке тұлға болса және бір-бірімен туыстық қатынасы болмаса, сатып алу-сату құжатын рәсімдеу 12 АЕК немесе 44 304 теңге болады. (2024 жылы 1 АЕК 3 692 теңге)
Егер бұл жеке тұлғалар жақын туыс болса (балалар, ерлі-зайыптылар, ата-аналар, туған бауырлар, немерелер), онда құны төмен болады - 7 АЕК немесе 25 844 теңге.
Егер сатушы немесе сатып алушы заңды тұлға болса, мәміле 17 АЕК немесе 62 764 теңге.
Ең төменгі тариф жылжымайтын мүлікті ипотекаға сатып алатындар үшін - 4 АЕК немесе 14 768 теңге болады.
"Құжатты рәсімдеген нотариус ақысын кімнің төлейтінін сатып алушы мен сатушы өздері шешеді немесе олар ақысын бөліп төлей алады".
Қосымша шығындар қандай болуы мүмкін?
Егер сатушы немесе сатып алушы некеде болса, жылжымайтын мүлікті сатып алуға (егер сатып алушы некеде болса) және сатуға (егер сатушы некеде болса) зайыбыңыздың немесе жұбайыңыздың нотариалды куәландырылған келісімін рәсімдеуіңіз керек. Мұндай келісімді рәсімдеу 5 АЕК немесе 5 538 теңге тұрады, нотариус қызметінің ақысын некеде тұрған адам төлейді.
Ескерту!
EGOV mobile қосымшасында eNotary сервисі арқылы жұбайының келісімін онлайн рәсімдеуге болады.
Егер неке шарты жасалса, онда келісім қажет емес - келісімшартта мұндай қажеттілікті болдырмайтын шарттар болуы мүмкін. Сондықтан бұл сәтті алдын ала нақтылаған дұрыс.
Тағы бір шығын - меншік құқығын тіркегені үшін мемлекеттік баж. Жеке тұлға пәтерлер мен жеке үйлерді (немесе, айталық, гараж - бұл тұрғын үй емес, бірақ жиі сатып алынатын жылжымайтын мүлік) сатып алған жағдайда, сома - 1 073 теңге. Ал заңды тұлға үшін, сондай-ақ жылжымайтын мүліктің басқа түрлері үшін сома әртүрлі болады. Бұл қызметтің ақысын сатып алушы төлейді.