Астанада лифтте қалып қойған балалар құтқарылды
27 қарашада Астана қаласының Есіл ауданындағы тұрғын үйлердің бірінде 3-4 қабаттардың аралығында лифтте екі бала қалып қойған.
"Шақыру орнына келген құтқарушылар "Фомка" әмбебап ломның көмегімен лифт есігін ашып, 2014 және 2015 жылы туған балаларды құтқарды. Балалар ата-аналарына табысталды. Оларға медициналық көмекке қажет болмады", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!