Добавить новость
ru24.net
World News
Ноябрь
2024

Ресейлік газет Тоқаевтың мақаласын жариялады

0

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың "Қазақстан мен Ресей: стратегиялық серіктестіктің жаңа көкжиегі" атты мақаласы Ресейдің "Известия" басылымында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейде шығатын "Известия" газетіне жарияланған мақаласы   

Қазақстан мен Ресейдің қарым-қатынасы – берік әрі мызғымас достықтың шынайы көрінісі. Екі елдің стратегиялық серіктестігі мен одақтастығы тығыз астасып жатқан тарихи және мәдени байланыстарға, сондай-ақ, қос халықтың болашағына қатысты ортақ жауапкершілікке негізделген.

Бұрын-соңды болмаған жаһандық сын-қатерлерге қарамастан, біздің елдеріміз тату көршілік пен сан салалы ынтымақтастықтың үлгісін көрсетіп келеді. Бұл ынтымақтастыққа ортақ мүдде, өзара сыйластық, ең жоғары деңгейдегі сындарлы саяси диалог арқау болып отыр.      

Ресей Президенті Владимир Владимирович Путин  екеуміз үнемі хабарласып отырамыз. Бір-бірімізге деген құрметке негізделген біздің қарым-қатынасымыз емен-жарқындығымен және іскерлік сипатымен ерекшеленеді. Мұндай тығыз байланыс туындаған мәселелерді жедел шешуге және  мемлекеттеріміздің арасындағы шынайы достық қатынасты нығайта түсуге мүмкіндік береді. Соңғы бір жылдың өзінде Ресей Президенті екеуіміз толыққанды форматта төрт келіссөз жүргіздік. Халықаралық іс-шаралар аясында бірнеше мәрте кездестік, телефонмен де жиі сөйлестік.

Қазақстан мен Ресейдің сауда-экономика саласындағы ықпалдастығы тұрақты түрде дамып келеді. Бұған екі елдің үкіметтері мен бизнес өкілдерінің күш-жігерін жұмылдырғанының арқасында қол жеткіздік.   

Қазір Қазақстанда Ресейдің 23 мың компаниясы табысты жұмыс істеп жатыр. Оның 4 мыңы соңғы бір жылдың ішінде құрылды. Біздің ынтымақтастығымыздың қарқыны жоғары екені осыдан-ақ айқын көрінеді.

Екіжақты инвестиция көлемі де ұлғая түсті. 2023 жылы Ресей компаниялары Қазақстанға 3 миллиард доллардан астам инвестиция салды. Қазақстан да Ресей экономикасына осынша мөлшерде қаржы құйды. Елдеріміз бизнес жүргізуге қолайлы орта қалыптастырып, инвесторларды қолдауға қажетті барлық жағдайды жасап отыр.

Қазақстан мен Ресей энергетика, өнеркәсіп, көлік-логистика, ауыл шаруашылығы және басқа да көптеген салада бірлесіп, ауқымды жұмыс жүргізіп келеді. Осыған дейін жалпы құны 18 миллиард доллардан асатын 90-нан астам жоба іске қосылды. Қазір де болашағы зор 49 жоба жүзеге асырылып жатыр.

Осы маңызды жобалардың ішінен Қазақстанда 3 жылу электр орталығының құрылысы басталғанын және Екібастұз ГРЭС-ін жаңғырту жұмыстарын атап өтуге болады. Бұл қатарда еліміздің бірқатар аймағын газбен қамтамасыз етуге, сондай-ақ, оңтүстік және шығыс бағытқа тасымалданатын Ресей энергетика ресурстарының көлемін арттыруға қатысты ауқымды бастамалар да бар.

Астана мен Мәскеу Еуразия экономикалық одағы аясында табысты жұмыс істеп жатыр. Қазір бұл құрылым Еуразия кеңістігіндегі экономикалық ықпалдастықтың маңызды тетігіне айналды және халықаралық деңгейде абырой-беделге ие болды.     

Биыл Еуразия экономикалық одағын құру туралы шартқа 10 жыл толды. Қазақстан мен Ресей жаһандық бәсекеге қабілетін арттыру үшін әуел бастан жан-жақты ықпалдастық пен байланысты дәйекті түрде нығайтуға ұмтылды. Сол себепті, бірлестік құру туралы бастама көтеріп, осы ұйымның негізін қалады. Содан бері Еуразия экономикалық одағы оған мүше мемлекеттердің экономикалық саясатын интеграциялау және өзара сауда-саттықты дамыту үдерісі табысты жүзеге асып жатқан аса маңызды платформа ретінде өзінің тиімділігін көрсетті.

Ресей Президенті Владимир Владимирович Путиннің Қазақстанға мемлекеттік сапары қазақ-орыс қатынасының тарихындағы аса маңызды оқиға болмақ. Жоғары мемлекетаралық мәртебесі бар бұл сапар елдеріміз арасындағы стратегиялық серіктестіктің мән-маңызы айрықша екенін көрсетеді.

Астанада өтетін кездесуде Ресей Президентімен бірге сауда-экономика, көлік-логистика, отын-энергетика, ғылым және техника салаларындағы ынтымақтастыққа  қатысты ауқымды мәселелерді талқылаймыз. Халықаралық ұйымдар мен интеграциялық құрылымдар аясындағы өзара ықпалдастық барысын пысықтауды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ, қазір, өкінішке қарай, қатты ушығып тұрған әлемдегі ахуалға қатысты пікір алмасамыз.    

Біз, Қазақстан халқы, елдерімізді әлемдегі құрлық арқылы өтетін ең ұзын шекара қосып тұрғанын әрдайым есте ұстаймыз. Оны мәңгі достық пен нағыз тату көршіліктің шекарасы деп санаймыз. Екі жақтың шекара маңындағы аудандарында 32 миллионға жуық адам тұрады. Бұл да айрықша маңызды. Екі елдің аймақтары біздің мемлекетаралық қатынастарымызды нығайтуға елеулі үлес қосып отыр. Сондықтан мемлекет басшыларының Өңіраралық ынтымақтастықтың ХХ форумына бірге қатысуы осы сапар барысындағы маңызды шара болмақ.

Алдағы сапар инвестиция және сауда саласындағы ынтымақтастықты жандандыруға зор серпін беріп, қос халықтың игілігіне арналған бірлескен жобаларды бастауға септігін тигізеді деп сенемін.

Елдеріміз Ұлы Жеңістің 80 жылдығын лайықты атап өтуге дайындалып жатыр. Ортақ тарихқа деген құрмет әрдайым Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығына арқау болары сөзсіз.       

ХХ ғасырда біздің халықтарымыз адамзат тарихындағы ең сұрапыл соғыста фашизмді жеңіп, ауыр сынақты бірге еңсерді. Қазақстандықтар қан майданда жан аямай соғысты. Қазақстан армияны керек-жарақпен және азық-түлікпен қамтамасыз етіп, сенімді стратегиялық тыл болды. Эвакуация кезінде жүздеген мың отбасы қазақ жерінен пана тапты.

"Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды" деген сөз қазақстандықтар үшін жалаң ұран емес. Бұл ұғым майдангерлер мен тыл еңбеккерлерінің қайталанбас ерлігі ел жадында мәңгі сақталатынын білдіреді.   

Екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыс та қарқынды дамып келеді. Көпшілік көңілінен шығатын мәдениет күндері, фестивальдер мен  көрмелер тұрақты өткізіліп тұрады.  

Былтыр елімізде "орыс маусымы" деген атаумен ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылды. Ал биыл Мәскеуде Астананың мәдениет күндері өтті. Ондағы ең негізгі оқиға ретінде "Абай" операсының Үлкен театрда қойылғанын айтуға болады. Сондай-ақ, Ресейдің басты мұражайлары – Третьяков галереясында және Эрмитажда Қазақстанның көрмесі ашылады.   

Қазақстан командасы Ресейдің Қазан қаласында өткен "Болашақ ойындарына" қатысты. Ал, Астанадағы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Ресей спортшылары өнер көрсетті. Бұл – мәдени-гуманитарлық қарым-қатынасты жаңа форматта өрбіту маңызды екенінің белгісі. Біз осы игі дәстүрді жалғастырып, Ресей бастамасымен қолға алынған "Болашақ ойындарының" кезекті сайысын 2026 жылы Қазақстанда өткіземіз.    

Білім саласындағы ынтымақтастықтың да мазмұны толыға түсті. Біз еліміздің оңтүстік аймақтарында Ресей мектептерін ашуды жоспарлап отырмыз. Сол сияқты бізбен іргелес жатқан Ресей қалаларында Қазақстан мектептері ашылады деп сенеміз.   

Қазір Ресейдің оқу орындарында Қазақстаннан барған 60 мыңға жуық студент білім алып жүр. Астанада Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының филиалын, ал Омбыда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің өкілдігін ашу жоспарымызда бар. Елімізде 3500-ден астам мектеп Пушкин тілінде білім береді, телеарналар мен радиостанциялар хабар таратады, газеттер мен журналдар шығады. Барлық дерлік өңірде көрерменнің көзайымы болып жүрген орыс драма театрлары бар.  

Біздің ел Тәуелсіз мемлекеттер достастығы аясында Орыс тіліне қатысты халықаралық ұйым құру туралы бастама көтерді. Ұйым орыс тілін қолдау және оны насихаттау үшін  ТМД елдері арасындағы байланысты дамыту мәселесімен айналысатын болады. Бұл қадам халықтарымыздың арасындағы достықты, тату көршілікті, этносаралық келісімді, өзара түсіністік пен сенімді нығайта түседі деп сенемін.

Қазақстан мен Ресей көп полярлы әлем, бейбіт диалог, барлық мемлекеттердің егемендігін құрметтеу сынды идеяларды дәріптеп, халықаралық аренада өзара табысты қарым-қатынас жасап отыр.

Екі елдің жаһандық және аймақтық деңгейдегі көптеген мәселеге қатысты ұстанымы үндес. Тәуелсіз мемлекеттер достастығы, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес және басқа да интеграциялық бірлестіктер аясындағы тығыз ықпалдастық – соның айқын дәлелі.

Биыл шілде айында Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті өтті. Онда "Әділ әлем, келісім және даму жолындағы жаһандық бірлік" туралы декларация қабылданды. Бұл құжат ұйымның Еуразияда жаңа, біртұтас және бөлінбес қауіпсіздік архитектурасын құруға ықпал ете алатынын айғақтайды.

Қазан айында Мәскеу қаласында ТМД-ға мүше елдердің мемлекет басшылары кеңесі отырысының өткізілуі биылғы  маңызды оқиғаның бірі болды. Басқосуда тараптар өзара тиімді әрі жан-жақты ықпалдастықты дамытуға мүдделі екенін атап көрсетті.  

Биыл Қазақстан Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына төрағалық етіп отыр. Астанада өтетін алдағы саммит аймақтағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайта түсетін басты оқиға болмақ. Еліміз ұжымдық қауіпсіздікті бейбіт жолмен қамтамасыз ету және ұйымға мүше мемлекеттер арасындағы достық қарым-қатынасты сақтау жолында күш біріктіруді барынша қолдап отыр. 

Сондай-ақ, БРИКС ұйымының Қазан қаласындағы тарихи саммиті өте нәтижелі болғанын атап өткім келеді. Бұл форум Владимир Владимирович Путиннің ерік-жігері мен абырой беделінің және әлем жұртының 45 пайызының мүддесін қорғайтын бірлестікке Ресейдің тиімді төрағалық етуінің арқасында өтті.    

*  *  *

Сөз соңында, биыл екі жақты қарым-қатынасымыз үшін жемісті жыл болды деп сеніммен айтуға болады. Сонымен бірге, 2025 жылы көптеген бірлескен бастамалар мен ортақ жобаларды жүзеге асыруға мол мүмкіндік бар. Соның бәрі екі ел азаматтарының игілігіне айналады деп сенемін.

Қазақстан мен Ресей тату көршілік пен одақтастық рухына негізделген риясыз достықты нығайтты және ең бастысы, өзара сенімді қарым-қатынас орнатты. Біз елдеріміздің басты мүддесіне сай келетін ең батыл идеяларды бірге жүзеге асыра аламыз деп ойлаймын. Ал, Қазақстанға келер болсақ, біз тарихтың қақтығысқа және апатқа толы күрделі кезеңінде Ресейдің сенімді стратегиялық серіктесі әрі одақтасы болып қала береміз.  




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus



Подмосковные росгвардейцы получили более 100 новых служебных автомобилей

В Подмосковье сотрудники Росгвардии задержали гражданку, находившуюся в федеральном розыске

Подмосковные росгвардейцы получили более 100 новых служебных автомобилей

Токсиколог Кутушов перечислил топ-5 наиболее токсичных веществ в бытовой химии


Волшебный поезд с Дедом Морозом порадует гостей и жителей Нижнего Новгорода

На Казанском вокзале в Москве презентовали вагон-купе для инвалидов

Дышите глубже: доктор Кутушов рассказал, как "безопасные" альтернативы сигарет отравляют ваш организм

Как светятся звезды и почему их не видно днем


The Evolution of Graphic Design: What Today’s Designers Offer

Bigg Boss 18: Digvijay Rathee asks Chum Darang about the kind of guy she would like to marry; says ‘mere parents ko manana padega’

Derek Chisora unveils plan for shock career change once he’s retired from boxing – but plans dream 50TH fight first

Bigg Boss 18: Netizens slam Raftaar and Ikka’s for calling Digvijay Singh Rathee ‘napti’; see tweets


В Свердловской области стартуют облавы на незаконных рубщиков елок

Колчимский камень

Компания Pango Cars открыла 100-й дилерский центр в России

Стало известно, где на дорогах Екатеринбурга появятся десятки новых выделенных полос


Woolly Boy and the Circus можно предзаказать на iOS, Android и PC

Arcane co-creator reminds fans 'there are always constraints', dispels theories the show was rushed or restrained by Riot's higher-ups

Доступна предзагрузка Steam-версии Delta Force: Hawk Ops

The best-selling graphics card deals on Amazon right now, and which we recommend


Секретар Миколаївської міськради у робочий час у нетверезому стані рекламував свій бізнес


Поломоечные машины из Китая с бесплатной доставкой по Москве и области

Thyseed — новый игрок на рынке товаров для мам и детей в «Детском мире»

Bloody стал техническим партнёром киберспортивной команды RUSH B

Героическое участие армян в СВО. Часть девятая




Нижний Новгород — лидер по оценке доступности образования в стране

Токсиколог Кутушов перечислил топ-5 наиболее токсичных веществ в бытовой химии

Поломоечные машины из Китая с бесплатной доставкой по Москве и области

Мужчине запретили выезжать за границу из-за перепланировки квартиры


Спортсменка из Чехова завоевала золото в соревнованиях по художественной гимнастике

Михаил Ведерников и Александр Борисов возложили венок к Могиле Неизвестного солдата в Москве

Как СИБУР заменил иностранное ПО за три месяца: кейс создания RTO-модели для производства этилена и пропилена

ФАС обвинила "Почту России" в нечестной конкуренции


«Он талисман!» Беккер предложил «Ливерпулю» продлить контракт с Салахом

Стало известно место Рыбакиной в рейтинге лидеров WTA по призовым за сезон

Кузнецова назвала Медведева одним из двух главных скандалистов ATP-тура

Теннисистка Кудерметова планирует восстанавливаться после сезона в Казани


РЭО открыл регистрацию на участие в церемонии награждения Зелёной Премии

Только 6% женщин ориентируются на рекомендации врача при выборе косметики

Михаил Ведерников возложил венок к Могиле Неизвестного Солдата в Москве

ЧЭАЗ представляет надежное электротехническое оборудование на международном форуме «Электрические сети»


Музыкальные новости

Джазовому оркестру Игоря Бутмана рукоплексал архангельский зритель

Волочкова показала редкие фото со своей матерью

Большой театр назвал минимальную цену билетов на балет "Щелкунчик"

Цифра дня: Тимати купил картину за 65 млн рублей



Подмосковные росгвардейцы получили более 100 новых служебных автомобилей

Подмосковные росгвардейцы получили более 100 новых служебных автомобилей

Только 6% женщин ориентируются на рекомендации врача при выборе косметики

В День Неизвестного Солдата подмосковные росгвардейцы почтили память Героев, отдавших свои жизни на благо Отечества


Иван Олейников обыгрывает в Санкт-Петербурге «Зенит»

Собянин рассказал, какие социальные объекты строят в ЗАО по программе реновации

Секреты мотивации: как превратить рутину в увлекательный процесс

Сергей Собянин объявил о начале приема заявок на архитектурную премию Москвы


«Автомобилист» отыграл три шайбы, но уступил «Спартаку» по буллитам

«Деловые Линии» открыли терминал в городе Бор в Нижегородской области

Автоперевозки. Подходящее резюме водителя – позвоните прямо сейчас!

Сегодня в Новгородской области отмечают День неизвестного солдата


Всемирные игры дружбы в Москве и Екатеринбурге отложили до особого решения

Путин во вторник встретится с советником по развитию "Яндекса" Кудриным

Песков заявил, что Путин не передавал посланий Зеленскому через Шольца

Стратегическое партнерство РФ и Казахстана – вызов неоколониализму Запада





Только 6% женщин ориентируются на рекомендации врача при выборе косметики

Стендап-терапия: Елизавета Варвара Аранова о премьере сольного концерта и Большом туре 2025

Фонд борьбы с инсультом ОРБИ при поддержке Т-Банка запустили платформу волонтерского фандрайзинга

Только 6% женщин ориентируются на рекомендации врача при выборе косметики


Иван Мезюхо: До Зеленского «вдруг» дошло, что ВСУ не способны сражаться с Россией за утраченные Киевом территории

ANSA: Зеленский потребовал от НАТО 120 млрд долларов «на войну с Россией» в

Bild рассказали, что настоящая цель визита Шольца в Киев - узнать, на что готов Зеленский ради мира

Τpуxaн: Ηax…нaм Зeлeнcκий c Ρaдοй? «Οpeшниκ» для бунκepa c нaтοвцaми, чтοбы ужe нe οтκοпaлиcь


«Ахмат» — «Динамо» Москва. Видеообзор матча РПЛ с голом Лещука

Школьники из Подольска победили на чемпионате России по лазертагу

Четыре «золота» взяли российские школьники на олимпиаде по математике в КНР

Дмитровские спортсмены стали призерами всероссийских соревнований




Сергей Собянин. Главное за день

Сергей Собянин: Путепровод соединил два округа

На 40 минут быстрее. Сергей Собянин открыл Бескудниковский путепровод

Сергей Собянин: Московский туризм продолжает бить рекорды


В Москве на этой неделе похолодает до минус 8 градусов

Исследование: юные россияне считают новостройкой всё, что не хрущёвка, а взрослые — только дома, которые строятся сейчас

Лекция про пернатых пройдет 6 декабря в ЦАО

Дышите глубже: курс экопрогулок стартует в Москве


«Это не я был». Как поссорились Кологривый с Янковским

Глеб Никитин: «Нижегородское землячество станет важной площадкой для объединения земляков, поддержки их инициатив»

В Тюмени в новогодние праздники будут курсировать дополнительные поезда

ЧЭАЗ представляет надежное электротехническое оборудование на международном форуме «Электрические сети»


В Архангельске представили выставку «Мечта о Севере. Снегурочка»

Какой будет погода на Новый год, спрогнозировали синоптики

В Красногорске до конца года приступят к строительству нового участка Мякининского шоссе

Синоптик рассказала об эпицентрах тепла на северо-западе и востоке России


Час мужества "Их подвиг жив, неповторим и вечен"

В рейтинге качества жизни российских городов Ростов обвалился сразу на 17 мест

Беседа-рекомендация «Это важно знать»

Беседа-рекомендация «Это важно знать»


Минтранс планирует ввести компенсацию для тех, кто не вылетел из-за нехватки мест

ФАС обвинила "Почту России" в нечестной конкуренции

Глеб Никитин: «Нижегородское землячество станет важной площадкой для объединения земляков, поддержки их инициатив»

Центры открытого образования работают в 62 странах












Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса
WTA

Стало известно место Рыбакиной в рейтинге лидеров WTA по призовым за сезон






Минтранс планирует ввести компенсацию для тех, кто не вылетел из-за нехватки мест

«Это не я был». Как поссорились Кологривый с Янковским

Михаил Ведерников и Александр Борисов возложили венок к Могиле Неизвестного солдата в Москве

«Мы взяли пластиковый колпак от старой "Волги" и прокачали его до уровня кованого диска». Российская компания Silk выпустила фирменные диски для фанатов классики