Добавить новость
ru24.net
World News
Декабрь
2024

Сарыағашта “Жайлы мектеп“ жобасымен 900 орындық қос мектептің құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын іске асыру бойынша елімізде "Жайлы мектеп" жобасы аясында ауқымды жұмыстар қолға алынып жатыр.

Ел Президентінің тапсырмасына сәйкес, Түркістан облысы "Жайлы мектеп" жобасын үйлестіру бойынша республикада көш бастап тұр. Жоба аясында өңірде 63 мектеп салу көзделген.

Мәселен, Қазіргі таңда Сарыағаш ауданындағы Дербісек және Жаскешу елді мекендерінде "Жайлы мектеп" жобасы аясында 900 орындық қос мектеп салынып жатыр. Осы ретте аудан әкімі Арман Абдуллаев мектеп ғимараттарының құрылыс алаңында болды.

Бүгінде Дербісек елді мекенінде салынып жатқан мектепке ішкі әрлеу жұмыстары жүргізіліп, бірінші қабаттағы сыныптарға жарық шамдар орнатылуда. Сонымен қатар, ғимарат аумағына абаттандыру және балалар ойын алаңшасының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Одан бөлек, Жаскешу елді мекеніндегі нысанға ішкі әрлеу, кәріз жүйесі және жылыту жүйесін тарту жұмыстары атқарылуда. Сондай-ақ, мектептің сыртын қоршау жұмыстары қатар жүргізілуде.




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus




Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса
ATP

Три теннисиста из топ-20 ATP снялись с турнира в Акапулько из-за пищевого отравления






Норвегия подтвердила сохранение партнерства с военно-морскими силами США.

Сотни жителей Можайска отпраздновали Масленицу

Нетаньяху направил в Москву бригадного генерала Армии обороны Израиля

Знают, но боятся: имя убийцы Влада Листьева до сих пор не раскрыто