Добавить новость
ru24.net
World News
Декабрь
2024

Қазақстанда үш жәрдемақыны тағайындау процесі жеңілдетіледі

0

Қазақстанда үш жәрдемақы тағайындау процесі жеңілдетіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәліметіне сілтеме жасап.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп әлеуметтік-еңбек саласындағы үш мемлекеттік қызмет көрсету процесін автоматтандыруды жоспарлап отыр.
"Smart Data Ukimet" ақпараттық-талдау жүйесі арқылы әлеуметтік-еңбек саласының кейбір мемлекеттік қызметтерін проактивті көрсету жөніндегі пилоттық жобаны іске қосу туралы" бірлескен бұйрықтың жобасы 2024 жылғы 18 желтоқсанға дейін талқылау үшін "Ашық НҚА" порталында жарияланған.

"Ол үшін адами факторды алып тастауды және осы қызметтерді көрсету процесін автоматтандыруды көздейтін пилоттық жоба іске қосылады. Осылайша, оларды ұсыну бойынша операциялық процестер 7 жұмыс күнінен бір жұмыс күніне дейін қысқартылады", - делінген хабарламада.

Жаңа тәсілмен көрсетілетін қызметтердің қатарына:

"Қазақстанның Еңбек Epi" атағына ие болған адамдарға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау;
"Халық Қаһарманы" атағына ие болған адамдарға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау;
"Жасына байланысты берілетін зейнетақы төлемдеріне мүгедектігі бойынша төленетін айлық жәрдемақы мөлшеріне дейін қосымша төлем алушыларды қоспағанда, жасына байланысты берілетін зейнетақы төлемдері немесе еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақы төлемдері тағайындалған бірінші, екінші және үшінші топтардағы мүгедектігі бар адамдарға, сондай-ақ Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бойынша зейнетақы алатын жағдайда Байқоңыр қаласында тұратын бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus




Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса
WTA

Анна Калинская стартовала с победы на турнире WTA-1000 в Майами






Названа дата, когда московским водителям следует поменять зимние шины на летние

«Торпедо» не сумело обыграть «Родину», Печенкин принёс победу «Тюмени»

Игнатова — о беременности: новый этап в жизни

Соболенко вышла в четвертый круг турнира в Майами