Добавить новость
ru24.net
World News
Декабрь
2024

Оңтүстік Корея оппозициясы президентке импичмент жариялау туралы заң жобасын ұсынбақ

0
Оңтүстік Кореяның алты оппозициялық партиясы президент Юн Сок Елге импичмент жариялау туралы заң жобасын енгізеді деп жазды "Ренхап" агенттігі.


Құжат 5 желтоқсанда парламентке енгізіледі және екі күн бойы оған дауыс беріледі. Заң жобасы қабылдануы үшін депуттардың үштен екісі (200 депутат) қолдап дауыс беруі керек. Парламентте оппозицияның 192 мандаты бар.


Бұған дейін оппозиция партиялары Юн Сок Елді мемлекетке опасыздық жасады деп айыптамақ болып отырғаны хабарланған. Олардың сөзінше, әскери жағдай енгізіліп, әскерилердің парламентті басып алуға тырысуы бүлікпен пара-пар.


Юн Сок Ел "Солтүстік Кореяны жақтайтындармен күресу үшін" 3 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша сағат 22:35-те әскери жағдай енгізген. Алты сағат күшінде болған режим саяси партиялардың жұмысына, наразылық, ереуілдерге тыйым салып, цензура енгізген.


Парламент ғимараты алдына наразылар жиналды. Оппозиция мәліметінше, олардың саны 5 мыңға жуықтаған. Әскерилер ғимаратқа басып кіруге талпынып жатқан шақта депутаттар әскери жағдай енгізу туралы шешімге дауыс беріп, оның күшін жойған. Осыдан кейін президент парламенттің шешімін қолдауға мәжбүр болған.



Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus




Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса
WTA

Андреева обыграла Рыбакину и вышла в финал турнира WTA в Дубае






Новые правила продажи билетов уже помогают бороться с перекупщиками

Московский театр мюзикла покажет спектакль «Дон Кихот»

Вильфанд порекомендовал россиянам не прощаться с зимой до 20 марта

Отказались все. Поворот в жизни русского малыша, брошенного мамой в Мексике