Ұлттық дәстүрді ұлықтау қадамын музейден бастадым
Сен де — бір кірпіш, дүниеге
Кетігін тап та, бар қалан!
Абай
Адам баласының ең қызықты, арманға толы шағы ол - бала кезі. Балалық шақтың маңызды кезеңдерінің бірі мектеп табалдырығымен байланысты. Себебі мектеп біліммен азықтандырып ғана қоймай, армандай алуға мүмкіндік береді. Кез-келгеніміз әр түрлі маман иесі болуды армандадық және мақсат қойып, білім алдық. Ал, мен мектеп қабырғасынан тарихқа қызығушылығым өте жоғары болатын. Өткен ғасырдағы адамзаттың тарихын білу, олардың тұрмыс-тіршілігі, қалай өмір сүргендері мен үшін қызық болатын. Сол себепті де болар тарихты ерекше ынта-ықыласпен оқыдым. Бірте-бірте қызығушылығым арманға, арманым мақсатыма айналды. Мектеп қабырғасын тәмәмдап үлкен өмірге аяқ бастым. Мақсатым...