Добавить новость
ru24.net
World News
Декабрь
2024

Қазақстан армиясына арналған Airbus A-400M ұшағы Алматыға қонды

0
Қазақстанның Әскери-әуе күштері А-400М әскери-көліктік ұшағымен толықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қорғаныс министріліне сілтеме жасап.
Салтанатты митингке Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы, отставкадағы авиация генерал-майоры Тоқтар Әубәкіров, Airbus Military еуропалық концернінің өкілі Элена Парийя Мартин, ҚР Қарулы күштерінің ардагері запастағы полковник Владимир Платошин, әскери-көліктік эскадрильяның жеке құрамы, Десанттық-шабуылдау әскерлерінің әскери қызметшілері, азаматтық авиация академиясының студенттері және "Жас сарбаз" қозғалысының тәрбиеленушілері қатысты.

Министр Airbus Military компаниясының өкілдеріне Испанияның Севилья қаласындағы авиациялық даярлық орталығында қазақстандық мамандарды оқытуға белсенді қатысқаны үшін алғысын білдірді.

"Ұшу және инженерлік-техникалық құрам белгіленген мерзімде авиатехниканы басқару мен қызмет көрсетуге қажетті теориялық қайта даярлаудан өтті. Концерн өкілдері бізге осыған қатысты қажетті технологиялық ақпарат берді. Болашақта біздің мамандар оған өз бетінше қызмет көрсетіп, тиісті регламенттік іс-шараларды жүргізе алады", – деп толықтырды ол.


Еске салайық, Airbus Military авиажасау концернімен екіжақты ынтымақтастық бүгінде еліміздің Әскери-әуе күштерінде сәтті пайдаланылып жүрген С-295 ұшақтарын сатып алған 2013 жылы жолға қойылған болатын.
Сондай-ақ, әуе кемесінің техникалық сипаттамаларын да атап өткен жөн. А-400М әскери-көліктік ұшағы 37000 кг жүкті тасымалдауға қабілетті. Максималды жылдамдығы сағатына 802 шақырым. Ал ұшу биіктігі – 12200 метр, практикалық қашықтығы – 7870 шақырым.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus




Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса
WTA

Калинская в полуфинале WTA в Сингапуре






В Санкт-Петербурге закрыли три магазина сети «Светофор»

В Строгино прошла премьера фильма «Потомки», снятого к 415-летию села Троице-Лыково

Новым замдиректора Росгвардии стал Василий Сонин

Канализационная станция №27 в Пушкине работает штатно