Добавить новость
ru24.net
World News
Декабрь
2024

ҚАЖК "Думан Мұхаммедкәрім денесін жарақаттады" деген ақпаратты жоққа шығарды

0
Қылмыстық атқару жүйесі комитеті (ҚАЖК) қамаудағы журналист Думан Мұхаммедкәрім "наразылық ретінде өзін жарақаттады" деген ақпаратты жоққа шығарды. ҚАЖК-ның хабарламасын Ulysmedia жариялады. 


"Сотталған адамды медициналық қызметкерлер тексерді. Денесінде ешқандай жарақат анықталған жоқ. Камерада тәулік бойы бейнебақылау жұмыс істейді. Жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік туралы ескертеміз" деп жазылған хабарламада. 


ҚАЖК сонымен бірге журналистің аштық жариялағанын растап, "шәй мен су ішуді жалғастырып жатыр, бұл бейнебақылау жазбаларымен расталған" деген. 


Осыған дейін адвокат Ғалым Нұрпейісов Талдықорғандағы тергеу изоляторында отырған журналист өзін Алматы облысындағы Заречный түрмесіне ауыстырмағанына наразылық ретінде денесін тілген, ізінше аштық жариялағанын айтқан.


5 желтоқсанда Азаттық Талдықорғандағы журналист отырған тергеу изоляторына бірнеше рет хабарласқанмен нақты жауап ала алмады. 


Думан Мұхаммедкәрім «экстремизмді қаржыландырды» және «тыйым салынған ұйым жұмысына араласты» деген айыппен биыл тамызда жеті жылға сотталған. Журналистің өзі айыпқа үзілді-кесілді қарсы. Билікті қатаң сынап жүрген журналисті жақтастары саяси белсенділігі үшін қудалады деп санайды. Оның ісін саралаған құқық қорғаушылар "саяси тұтқын" деп таныған. Ресми Астана елде «саяси тұтқын жоқ» дейді.


Бұған дейін халықаралық ұйымдар оған араша түскен. Қараша айының басында апелляциялық сот Думан Мұхаммедкәрімнің үкімін өзгеріссіз қалдырды.



Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus




Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса
WTA

Саснович пробилась в основную сетку турнира WTA-500 в Линце






Почему проститутки с физическими недугами пользуются популярностью у москвичей

Не только Юра Борисов: отечественные фильмы, которые получили премию «Оскар»

Подмосковный проект «Выходи решать!» получил грант на реализацию

Землю может накрыть мощнейшая магнитная буря в июле 2025 года