Математика сабағында ойын технологияларын қолдану
Түркістан облысы Жетісай ауданы Асықата кенті
"Н.Төреқұлов атындағы №13 ЖББМ" КММ математика пәні мұғалімі Сансизбаева Айгерим Микетхановна
Кіріспе
Қазіргі заманғы білім беру жүйесінде оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, танымдық қабілеттерін дамыту және оқу процесін жеңіл әрі тиімді ету маңызды. Осы мақсатта ойын технологияларының қолданылуы өзекті болып отыр. Ойын технологиялары оқушылардың шығармашылық ойлауын дамытып, математикаға деген сүйіспеншілігін оятып, пәнді тереңірек меңгеруге ықпал етеді.
Бұл мақаламда математика сабағында ойын технологияларын қолданудың мәні, тиімділігі, түрлері және оларды жүзеге асыру әдістері талқыланады.
Ойын технологияларының мәні мен маңызы
Ойын технологиялары – оқыту процесін белсендіру, балалардың оқу мотивациясын арттыру, білімді жеңіл әрі қызықты формада меңгертуге...