Добавить новость
ru24.net
World News
Декабрь
2024

Оңтүстік Кореяда басқарушы партия өкілдері импичмент қаралуы тиіс отырыстан шығып кетті

0
Оңтүстік Кореяның басқарушы партиясы президентке импичмент жариялау мәселесін қарауы тиіс болған парламент отырысына бойкот жариялады. Бұл жөнінде BBC ақпарат агенттігі жазды.



Бүгін, 7 желтоқсанда парламент президент Юн Сок Ель қызметте қала ма, жоқ па, сол мәселені шешуі тиіс болған. Импичмент болмай қалуы да мүмкін: президенттің “Халық күші” партиясы парламент отырысынан шығып кеткен дейді ақпарат агенттігі.



“Халық күші” партиясының 108 мүшесінің 107-сі дауыс беруге бойкот жариялап, отырыстан кетіп қалған. Егер басқарушы партиясынан бірнеше адам “президентке импичмент жариялау” туралы заң жобасына дауыс берсе, құжат қабылданайын деп тұр.



Құжат қабылдануы үшін 300 депутаттың 200-і қолдап дауыс беруі керек. Ал оппозицияда қазір 192 дауыс бар. Президент партиясының бір өкілі құжатты қолдап дауыс беретінін айтқан. Кейін парламент отырысына тағы үш депутат оралған, бірақ біреуі құжатқа қарсы дауыс беретінін айтқан.



Сенбі күні парламент маңына мыңнан астам жиналып, президентке импичмент жариялап, оны қамауды талап етті. Олар парламент отырысынан кеткен депутаттарды шулап шығарып салса, қайта оралғандарын қуанып қарсы алды деп хабарлады BBC тілшісі.


Парламентте импичмент мәселесі қаралайын деп жатқан шақта президент Юн Сок Ель әскери жағдай енгізгені үшін кешірім сұрап, жауапкершіліктен жалтармауға уәде берген еді. 


"Қатты өкінемін. Адамдарды үрейлендіргенім үшін шын жүректен кешірім сұраймын" деп жазылған Юн Сок Ельдің кеңсесі таратқан хабарламада. Одан "Ренхап" үзінді келтіреді.


Президентке импичмент жариялау туралы заң жобасын парламентке оппозиция енгізген. Оппозиция партияларының пікірінше, Юн Сок Ель мемлекеттік төңкеріс жасамақ болған. 


3 желтоқсанда президент Юн Сок Ель елде әскери жағдай енгізген. Ол мұны конституциялық құрылымды "коммунистік күштерден" және Солтүстік Кореядан төнген қауіп-қатерден қорғау үшін қажет шара деп түсіндірген. 


Бұдан кейін әскер парламентке басып кірмек болып тұрған шақта депутаттар әскери жағдайды алып тастау туралы шешімге дауыс беріп, шешімнің күшін жойды. Осыдан кейін президент парламент шешімін мақұлдауға мәжбүр болған. Ізінше президент пен оның айналасындағылар бүлік жасамақ болды деген күдікке ілініп, оппозиция президенттің отставкасын талап еткен. 



Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus




Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса
Арина Соболенко

Соболенко расплакалась после поражения в финале Australian Open






Между негой и TikTok: Никитин объяснил поражение «Локомотива» от «Спартака»

Мексиканская актриса Барбара Рехиль рассказала об опыте съемок в России

УНИКС разгромил МБА в Москве

Захарова назвала Дипакадемию МИД РФ символом международного общения