Қиындық түбі жеңіс (шағын қойылым)
Қиындық – түбі жеңіс. (Сахнада ер адам ноутбукпен бір нәрсе жазып отырады. Сосын қолындағы сағатына қарап, ұлы мен қызын шақырады)Әкесі:
- Алмас, Айнаш, Айшуақ! Есептерің дайын ба? Құжаттарды жылдам әкеліңдер! Сендерге берілген уақыт аяқталды. (Сахнаға ұлы шығады)
Алмас:
- Әке, мына берген тапсырмаңыз алдындағыдан да қиын ғой? Ғаламторда мұндай құжаттар жоқ екен. Каргоның менеджеріне звондап, жалынып, өзімнің тегін қызметтерімді ұсынып жатып, зорға таптым үлгісін. Мінекиіңіз! Егер осы жолы көбірек төлесеңіз, келесі жолы бұдан да қиын құжаттарды жасап беремін, бұйыртса...!Әкесі:
- ...