Ақтөбе облысында қорғаныс істері бөлімінің басшысы асылып тұрған жерінен табылған
Ақтөбе облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің хабарлауынша, жексенбі күні жұмыс орнына келген басшы кеңсені бір шолып шығып, ғимараттың сырт жағына қарай кеткен. Біраздан кейін подполковник өрт сөндіру сатысында асылып тұрған жерінен табылған.
Ресми ақпаратта "суицид" деп жазылған. Оқиғаның мән-жайын әскери-тергеу басқармасы тексеріп жатыр. Қылмыстық кодекстің "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" (105-бап) бабы бойынша іс қозғалған
46 жастағы Азиз Ибрагимов – Түркістан облысының тумасы. Әйелі, екі баласы бар. Ырғыз ауданы қорғаныс істері бөліміне 2022 жылы басшылыққа келіп, екі жылдан астам қызмет атқарған.
Ырғызға дейін Ақтөбе облысы Шалқар ауданындағы қорғаныс істері бөлімі басшысының орынбасары болған.