Добавить новость
ru24.net
World News
Декабрь
2024

"Әділдік жолына" жетекшілік еткен Дидар Смағұлов АҚШ-та Жемқорлықпен күрес сыйлығына ие болды

0
АҚШ мемлекеттік департаментінің Халықаралық есірткіге қарсы күрес және заңдылықты сақтау бюросы (INL) Қазақстандағы "Әділдік жолы" қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры болған Дидар Смағұловты сыбайлас жемқорларды жауапқа тарту және ұзақ мерзімді жүйелі реформаларды жүзеге асыру бойынша Жемқорлықпен күрестің үздігі деп таныды.


Дидар Смағұловқа марапатты 9 желтоқсанда Вашингтонда АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен табыс етті. Смағұловтан бөлек, тағы 9 адам Жемқорлықпен күрес сыйлығына ие болды.




"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекетіміз жүргізіп жатқан реформалар әлемдік державада осындай жоғары бағаға ие болғаны қуантады", – деп жазды Смағұлов Instagram-парақшасында.


"Әділдік жолы" ұйымы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы "Әділдік" деп аталатын сайлауалды бағдарламасының екінші платформасын қолдау үшін құрылған. 2021 жылы қыркүйекте басталған жоба биыл тамызда өз жұмысын аяқтады.




Смағұловтың дерегінше, Қазақстанда іске асырылмай қалған әртүрлі жұмыстар мен қызметтерге төленген шамамен 10 млрд теңге "Әділдік жолының" қызметінің арқасында бюджетке қайтарылған. Мемлекеттік сатып алу порталына жасалған мониторинг нәтижесінде 50 млрд теңгеден астам бюджет қаржысы үнемделген. Заң бұзу фактілеріне байланысты ұйым түсірген арыз бойынша жүздеген адам тәртіптік жауапқа тартылған деді ол.


Смағұлов бұрынғы білім және ғылым министрлігінің "Ұлттық тестілеу орталығының" директоры болған, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде әртүрлі қызметте істеген.


2021 жылы Жемқорлықпен күрес сыйлығына қазақстандық журналист, ProTenge жобасының редакторы Жәмила Маричева ие болған.



Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus




Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса
ATP

Монпелье (ATP). 2-й круг. Рублев сыграет с Юбэнксом, Бублик – с Кепфером, Оже-Альяссим – с Казо






Москвичей предупредили о морозах до минус 12 градусов на следующей неделе

Суд заочно арестовал главу Федерации фигурного катания Москвы за мошенничество

Без шанса на спасение: кто из россиян был на борту разбившегося в США самолета

Россия решает вопрос поставки газа Приднестровью альтернативным маршрутом