Добавить новость
ru24.net
World News
Декабрь
2024

Елімізде жаңадан 12 футбол стадионы салынбақ

0

Елімізде жаңадан 12 футбол стадионы салынбақ. Бұл жайында Сенат депутаттарының сауалына Премьер-Министр Олжас Бектеновтің жауабында айтылған.

— Министрлік республика бойынша барлық спорт нысандарына түгендеу жұмыстарын жүргізді. Атап айтқанда, елімізде спорттың ойын түрлеріне арналған (футбол, волейбол, стритбол, воркаут) 6 100 жазықтық алаң бар, оның ішінде 1 200-ден астамы ауылдық жерлерде орналасқан. Ауылдық балалар мен жасөспірімдердің жыл бойы футболмен, мини футболмен және спорттық ойындармен шұғылдануы үшін 358 спорттық кешен қолданылады.  Елімізде 1 500-ден 30 000 орындық тиісті санаттағы 28 негізгі стадион бар, сондай-ақ Қызылорда қаласында 10 мың орындық трибуналары бар бір стадион салынып жатыр. Одан басқа елімізде 12 стадион құрылысы жоспарлануда. Осылайша, барлық стадиондарды УЕФА-ның халықаралық талаптарына сәйкестендіру бойынша жұмыстар кезең-кезеңмен жүргізілетін болады, — деді Үкімет басшысы жауабында.

Сонымен қатар Премьер-Министр Қазақстан футбол федерациясы УЕФА мамандарымен бірге

2034 жылға дейінгі қазақстандық футболды дамыту стратегиясын бекіткенін атап өтеді.

— Стратегияда жалпы Қазақстанда кәсіпқой және әуесқой футболды кешенді дамытудың, футболшыларды даярлау жүйесін құрудың ерекшеліктері, футбол бизнесі индустриясын құру, халықаралық аренадағы спорттық нәтижелерді жақсарту бағытында кәсіпқой футболды трансформациялау қарастырылған, — деді Олжас Бектенов.

Сообщение Елімізде жаңадан 12 футбол стадионы салынбақ появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus




Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса
WTA

Вероника Кудерметова разгромно проиграла Белинде Бенчич во втором круге турнира WTA-500






А совесть есть? «Черная королева гонок» Мара Багдасарян снова села за руль

Ефимов: в Свиблове по программе КРТ построят квартал со спорткомплексом

В Серпухове открылась XVIII международная научно-практическая конференция

Хазин: ЦБ придется выкручиваться в случае резкого подъема инфляции