Добавить новость
ru24.net
World News
Декабрь
2024
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Шерзат Болаттың әкесі 15 тәулікке қамауға алынды

0

Еңбекшіқазақ аудандық соты Талғарда қайтыс болған Шерзат Болаттың әкесін 15 тәулікке қамауға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін (ӘҚБтК 434-бабы 1-бөлігі), атап айтқанда, қоғамдық орында былапыт сөйлеу, құқық қорғау органдары қызметкерлеріне қорлап тиісу, қоршаған ортаға құрметсіздік танытатын әрекеттер жасау, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзу, сондай-ақ көлік құралдарының қозғалысына кедергі келтіру бойынша Қ. Нұрымов 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды", – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, әкімшілік іс жүргізу тәртібімен С. Нұрымова ұсақ бұзақылық жасағаны (ӘҚБтК 434-бабы 1-бөлігі) үшін 20 АЕК мөлшерінде айыппұл төлеу түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Қазақстанда бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібін бұзғаны үшін (ӘҚБтК 488-бабы 8-бөлігі) азаматтығы жоқ тұлға Б. Реймовa 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, Қазақстаннан шығарылады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі Талғарда қайтыс болған Шерзат Болаттың әкесінің ұсталғанын хабарлаған болатын. Полиция мәліметінше, 10 желтоқсанда сағат 15:30-да Азат ауылында жерлеу рәсімі кезінде "қоғамдық тәртіп пен айналадағы азаматтардың, соның ішінде кәмелетке толмаған балалардың қауіпсіздігіне қауіп төндірген" оқиға болған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus




Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса
ATP

Новак Джокович заявился на турнир ATP-500 в Дохе






Овчинский: Шесть стартовых площадок для строительства жилья по программе реновации подобрали в СВАО

360.ru: в школах Подмосковья появятся QR-коды для борьбы с буллингом

Сирийскую девочку, которой угрожала опасность из-за любви к России, вывезли в Подмосковье

Овчинский: в САО продолжат реконструкцию производственного комплекса