Добавить новость
ru24.net
World News
Декабрь
2024

Прокурорлар Шерзат Болаттың туыстарымен болған оқиғадан кейін үндеу жасады

0

Алматы облысының прокуратурасы өңір тұрғындарына заңсыз митингтерді ұйымдастыру мен оларға қатысудың салдары туралы ескерту жасай отырып, үндеу жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ведомство митингтер, жиналыстар және пикеттер сияқты қоғамдық іс-шараларды өткізу "Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" заңмен қатаң реттелетінін еске салды.

"Азаматтарды жауапкершілік танытып, заңсыз митингтерге қатысуға шақырған үндеулерге ермеуге шақырамыз. Мұндай іс-шараларды ұйымдастыру мен оларға қатысу заңды өрескел бұзу болып табылады және ауыр салдарға әкеп соғады. Бұл әрекеттер үшін әкімшілік жауапкершілік (Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 488-бабы) және қылмыстық жауапкершілік (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 400-бабы) қарастырылған. Заңсыз акцияларға қатысу әкімшілік қамауға, ірі айыппұлдарға және қылмыстық қудалауға әкелуі мүмкін екенін еске саламыз", – делінген Алматы облысы прокуратурасының үндеуінде.

Бұл үндеу 10 желтоқсанда Азат ауылында болған оқиғадан кейін жарияланды. Сол күні Талғарда қайтыс болған Шерзат Болаттың ағасының жерлеу рәсімі өткен болатын. Полицияның алдын ала мәліметі бойынша, ол өз-өзіне қол жұмсаған. Жерлеу рәсімінен кейін полиция Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовты ұстады. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, ол агрессивті әрекет көрсетіп, айналасындағыларға қауіп төндіріп, өз-өзіне қол жұмсаймын деп қорқытып, пышақпен полиция қызметкеріне шабуыл жасаған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus




Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса
Australian Open

Мирра добралась до Соболенко. Нас ждет суперматч в Австралии






Чемпионат России по прыжкам выиграли фигуристы из Санкт-Петербурга

Взгляд на СВО: «Тут совсем не так, как в твоих розовых очках» (ФОТО, ВИДЕО)

Овечкин пригласил на Ovi Cup юную болельщицу, передавшую ему свою клюшку

Международная 15. Враг бьёт по людям в Курске, жулики-капиталисты – в Москве.