Добавить новость
ru24.net
World News
Декабрь
2024

Түркіменстан президенті өзінің әпкесін Арқадағ медалімен марапаттады

0
Түркіменстан президенті Сердар Бердімұхамедов Огулжахан Атабаеваны Арқадағ медалімен марапаттады. Бұрынғы президент Гурбангулы Бердімұхамедов атындағы қайырымдылық қорының вице-президенті Огулжахан Атабаева қазіргі президенттің туған әпкесі. 


Президент жарлығында Атабаева "тәуелсіз бейтарап Түркіменстанның гуманистік әлеуметтік саясатын сәтті жүзеге асыруға және қамқорлыққа мұқтаж адамдардың, әсіресе балалардың құқықтарын сақтауға қосқан зор үлесі үшін" марапатталғаны жазылған. 


Гурбангулы Бердімұхамедовтің үлкен қызы қордың вице-президенті қызметіне желтоқсан басында тағайындалған. 


Түркіменстанда Арқадағ медалі былтыр пайда болған. Диаметрі 45 миллиметр болатын күмістен әзірленген медаль алтынмен жалатылған. Билік мұндай медаль «мемлекеттік әлеуметтік саясатты жүзеге асыруға, әлеуметтік саланы дамытуға, әлеуметтік және тұрмыстық жағдайларды қорғауға үлес қосқан дәрігерлер, мұғалімдер, ғалымдар, шығармашылық адамдар, мемлекеттік және қоғам қайраткерлері және басқа да азаматтарға» табысталатынын айтқан. 


Медаль иелері экс-президент Гурбангулы Бердімұхамедовтан арнайы сыйлық алмақ. Ол елді 16 жыл басқарған. 2022 жылы билікті ұлына тапсырып, халық мәслихатының төрағасы болғаннан кейін де-факто ықпалын сақтап қалды. 2021 жылы Гурбангулы Бердімұхамедовтің өзі осы қызметті шығарған, кейін соған өзі отырды. 


Түркіменстан табиғи газ қоры бойынша әлемде төртінші орынды иеленеді, алайда халқы кедейшілікте өмір сүреді. Кейінгі жылдары түркімен халқы азық-түлік тапшылығы мен қымбатшылықтан зардап шегіп келеді. 



Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus




Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса
ATP

Андрей Рублёв сыграет на грунтовом турнире ATP-500 в Барселоне






Союз кинематографистов Петербурга просит передать «Ленфильм» городу

В Россию из Сирии вернулись шесть российских семей с детьми

Композитор Рыбников получил спецприз «Золотого орла»

«Скучаю по тебе, папа»: жертвами авиакатастрофы в США стали четверо бывших российских фигуристов