Добавить новость
ru24.net
World News
Декабрь
2024
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Қызылордада жыныстық құлдықта болған оқушы ісі бойынша екінші үкім оқылды

0
Қызылордада "сыныптастары жыныстық құлдықта ұстады" деген оқушы ісі бойынша екінші үкім оқылды. Сот "кәмелетке толмаған адамды жезөкшелікпен айналысуға тартты", "бөтеннің мүлкін жымқырды" деп айыпталған 21 жастағы сотталушыны 6 жыл 8 айға бостандығынан айырды деп хабарлады Қызылорда облыстық соты. 


Соттың хабарлауынша, сотталушы жәбірленушінің кәмелетке толмағанын біле тұра, жезөкшелікпен айналысуға бірнеше рет мәжбүрлеген. 


Одан бөлек, "бірнеше рет жер телімдерін бір мезгілде бірнеше тұлғаға сатқан, облыстағы жергілікті атқарушы органдарға жұмысқа орналастыруға байланысты алаяқтық әрекеттерге барған". 


Сот прокурор сұраған жазаны (6 жыл сегіз ай) тағайындаған. 


Қорғау жағы сотталушыны "Кәмелетке толмаған адамды жезөкшелікпен айналысуға тарту" бабы бойынша ақтауды өтініп, ал алаяқтық фактісі бойынша бас бостандығын айырмауды сұраған. 


Үкім әзірге күшіне енбеді. 


Облыстық соттың хабарлауынша, жыныстық құлдыққа түскен оқушы қыз тағы екі істе жәбірленуші танылған: "Жеңгетайлық" және "Есірткі қолдануға көндіру" баптары бойынша қозғалған істер сот өндірісінде.


6 жыл 8 айға бостандығынан айырылған сотталушы бұған дейін де осы іс бойынша 4,5 жылға сотталған. Ол кезде оған "Бопсалау" бабы бойынша айып тағылған. Соттың мәліметінше, "сотталушы жәбірленушіні масқаралайтын мәліметтер жариялаймын деп, кәмелетке толмаған жәбірленушіден 700 мың теңге ақша тауып беруді талап еткен, сонымен бірге оның сөмкесінен 35 мың теңге ақшаны қорқытып алған". 


Оқу-ағарту министрлігі жәбірленуші қызға психологтар көмектесіп жатқанын хабарлаған. 


Іс бойынша 11 адам күдікті деп танылған, олардың бесеуі – кәмелет жасқа толмаған. 


Жәбірленуші мен кейбір күдікті кәмелет жасқа толмағандықтан сот жабық өтіп жатыр.




 



Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus




Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса
Анна Блинкова

Блинкова разгромно проиграла Лепченко на турнире в Лиможе






Путин предложил запустить региональные программы проекта "Время героев"

XXIX Церемония вручения Премии «Золотой Граммофон» вошла в историю

Минэкономразвития планирует скорректировать прогноз инфляции на 2025 год

Захарова сравнила Каю Каллас с героиней из «Красоты по-американски»