ҚазҰУ магистрантының әңгімесі: арманға жетудің алғашқы баспалдақтары
Әрбір мектеп бітіруші түлектің немесе білімін жалғастырушы арман қуған жастардың тоғысатын жері ол қара шаңырақ – Қазақ Ұлттық университеті. 90 жылдық тарихы бар бұл білім ордасы сан мыңдаған түлекті қанаттандырып, олардың білікті, тәжірибелі маман болуына үлкен септігін тигізген. Соның нәтижесінде, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әлемдік деңгейдегі зерттеу университетіне айнала отырып, феноменальды табысты көрсетіп, әлемдік рейтингтің барлық номинацияларында қарқынды ілгерілеуде.
Қара шаңырақтың табалдырығын аттаған әрбір жас түлекке білім ордасының берер әсері де мол. Сол бір Тимириязев көшесінің бойынан түсіп, қалашыққа қарай қадам басқанда алдыңнан жарқырап шыққан Алатау адам баласына күш-жігер сыйлап, оны ерекше шабыттандырып, жігерлендіреді. Қазақ Ұлттық университеті қалашығы өз құшағын айқара...