Добавить новость
ru24.net
World News
Декабрь
2024

Энергетика министрлігі мұнай өндіру көлемінің төмендеуін түсіндірді

0

Биыл Қазақстан былтырғымен салыстырғанда мұнайды аз өндірді. Бұл туралы үкімет отырысында Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Министрдің айтуынша, 11 айда 80,5 миллион тонна мұнай мен конденсат өндірілген, бұл былтырғы сәйкес кезеңімен салыстырғанда 98 пайыз болады. 2023 жылы бұл көрсеткіш 82,2 миллион тонна болған.

"Теңіз кен орнында осы кезеңде 25,9 миллион тонна мұнай өндірілді, бұл былтырғы сәйкес кезеңімен салыстырғанда 97,9 пайыз болады (26,5 миллион тонна). Қашағанда мұнай өндіру көлемі 15,8 миллион тонна болып, былтырғы сәйкес кезеңімен салыстырғанда 92,8 пайызға тең болды. Қарашығанақ жобасының көрсеткіші 11,1 миллион тонна болып, былтырғымен салыстырғанда 100,9 пайыз болды", - деді Сәтқалиев үкімет отырысында.

Министрдің айтуынша, мұнай өндіру деңгейінің төмендеуіне 2024 жылы Теңіз және Қашаған кен орындарында жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстары әсер еткен.

"Сонымен қатар мұнай өндірудің төмендеуіне Қарашығанақ кен орнындағы жоспардан тыс тоқтаулар, Орынбор мұнай өңдеу зауытының газ қабылдау шектеулері, Каспий құбыр консорциумының жоспарлы-профилактикалық жұмыстары, сондай-ақ 26 қазаннан бастап Теңіз кен орнының екінші буын зауытында будың технологиялық ағынға ішкі ағуы салдарынан жөндеу жұмыстары әсер етті", - деп қосты министр.

Қарашада министр Сәтқалиев жоспарланған көрсеткіштерден төмен болған мұнай өндіру көлемі туралы айтып өткен еді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus




Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса
Australian Open

Коллинс ударила себя по пятой точке после матча с австралийкой. Её освистал весь стадион






Четырех человек арестовали за поджог пункта сбора гумпомощи в Выборге

Стало известно имя лотерейного миллионера новогоднего розыгрыша «Русского лото» из Тамбовской области

Сергей Собянин. Главное за день

Незакрытый гештальт: что делать, если партнер говорит о бывших гадости