Добавить новость
ru24.net
World News
Декабрь
2024

Еурокомиссия ТikTok сервисін тексеруге кірісті

0
Еуропа комиссиясы TikTok сервисінің цифрлық қызметтер туралы заңды бұзған-бұзбағанын ресми түрде тексеруге кірісті. Euronews телеарнасы бұған Ресейдің Румыниядағы сайлауға араласқанын дәлелдейтін айғақ себеп болды дейді.


Еурокомиссия TikTok-тың Еуроодақ заңын бұзған-бұзбағанын анықтауға дерек жинап жатыр.


24 қарашада Румыниядағы президент сайлауының бірінші турында тосыннан бұрын жұртқа онша танымал болмаған тәуелсіз кандидат, ұлтшыл еуроскептик Кэлин Джорджеску озған. Конституциялық сот дауыс беру процесіне Ресейдің араласқанын дәлелдейтін айғақ алғаннан кейін сайлау қорытындысын жойды. Дәлелдерді Румынияның арнайы қызметі ұсынған. Соның ішінде TikTok сервисінде жарияланған видеолар бар.


TikTok компаниясының қызметі Еуроодақ заңнамасына сәйкес келмейді деп танылса, оған айыппұл салады. Айыппұл мөлшері осы сервистің ғаламдық кірісінің шамамен 6 пайызына дейін болуы мүмкін.


"Сайлауға араласты деген күдік болса, тез әрі батыл әрекет етуіміз керек", – деді Еуропа комиссияның төрайымы Урсула фон дер Ляйен. – Шетел субъектілері Румыниядағы президент сайлауына TikTok арқылы араласқанын көрсететін айғақтардан кейін TikTok компаниясының осындай қатерлерге шамасы келмей, цифрлық қызметтер туралы заңды бұзған-бұзбағанын мұқият зерттеп жатырмыз".


Комиссияның анықтамасы бойынша, Джорджеску туралы жарнаманың TikTok-та таралғаны – [бұл сервис үшін] бейорганикалық құбылыс. Комиссия мамандары мұндай жарнама боттар мен жалған аккаунттарды қолданып таратылған болуы мүмкін деп санайды.



Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus




Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса
Владимир Иванов

Бадминтонист Владимир Иванов возглавил минспорт Челябинской области






В Москве пройдет концерт в честь Сагаалгана и 80-летия Победы

«Не только приключения, но и важный урок»: Детское радио о новой анимации «Баг Бой – супергерой джунглей»

Депутат Барсов предложил пенсионерам зарабатывать на автомойках

Россияне стали активно планировать отдых за рубежом на фоне падения доллара