Сот Қазақстандағы уақыт белдеуіне қатысты шешім шығарды
Шағымдалған №20 қаулының 3 және 3-1 тармақтарында:
"3. Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында 5-ші сағаттық белдеу қолданылсын";
"3-1. Астана, Алматы, Шымкент қалаларының, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан, Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарының әкімдіктері 2024 жылғы 29 ақпаннан 2024 жылғы 1 наурызға қараған түні (сағат 00:00-де) жергілікті уақытты 1 сағат артқа ауыстырсын" - деп көрсетілген.
Талап қоюда уақыт белдеуінің астрономиялық уақытқа сәйкес келмейтіндігі, жаңа НҚА қабылдауға әкеп соғатындай мәтінінің жартысынан асатын көлемде өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдауға жауапкердің өкілеттігінің жоқтығы көрсетілген.
"Сонымен қатар, 2000 жылғы 23 қарашадағы қаулы қабылданғаннан бері 24 жылдан астам уақыт өткен, талап қоюшы талап қоюдың жалпы үш жылдық ескіру мерзімін өткізіп алған. Нормативтік құқықтық акт мәтінінің жартысынан астамын өзгерту туралы дәлел расталмады, бұл мән-жай Үкіметтің қаулысын заңсыз деп тануға негіз бола алмайды, себебі жауапкердің НҚА шығару рәсімі бұзылмаған".
Сот шешімімен талап қоюды қанағаттандырудан бас тартылды. Шешім заңды күшіне енген жоқ.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!