Добавить новость
ru24.net
World News
Декабрь
2024
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

“Ақшаңызды жоғалтуыңыз мүмкін“. Зейнетақы қоры қазақстандықтарға ескерту жасады

0
Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде және онлайн-хабарландыру платформаларында азаматтардың кез келген санаты үшін ең төменгі жеткіліктілік шегінен (ТЖШ) асатын зейнетақы жинақтарын алу бойынша делдалдық қызметтерді төмен пайызбен көрсету туралы ұсыныстар тарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі БЖЗҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"БЖЗҚ" АҚ өз салымшылары мен алушыларына ескертеді: зейнетақы жинақтарын алу Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде қатаң белгіленген жағдайларда ғана мүмкін. Ең алдымен, бұл зейнет жасына толу, 1 немесе 2 топтағы мерзімсіз мүгедектік, шет елге тұрақты тұруға кету, мұрагерлік. Зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және/немесе емделуге заңнамамен белгіленген шарттар сақталған жағдайда, төмендегі азаматтардың санаты пайдалана алады:

ең төменгі жеткіліктілік шегінен асатын жинақтары бар салымшылар (ТЖШ-дан асатын сома шегінде);
зейнетақысы жоғалған табыстың (бұрын алынған жалақысының) кемінде 40 пайыз құрайтын зейнеткерлер - олар шотта қалған жинақтарының 50 пайызына дейін пайдалана алады;
еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнеткерлер (жинақтарының 100 пайызына дейін пайдалана алады);
зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан салымшылар (жинақтарының 100 пайызына дейін пайдалана алады).


"Зейнетақы жинақтарын тұрғын үйге немесе емделуге мақсатты пайдалану тек уәкілетті операторлар – екінші деңгейдегі банктер арқылы мүмкін болады. Тиісінше, делдалдық қызметтер қажет емес. Бұл ретте БЖЗҚ ешқандай ақы алмайды.
Күмәнді әрекетке қатысуға келісе отырып, сіз ақшаңызды жоғалту қауіпін тудырып қана қоймай, болашақта басқа алаяқтық әрекеттер үшін пайдаланылуы мүмкін жеке деректеріңіздің сақталуына да қауіп төндіресіз. БЖЗҚ өз салымшылары мен алушыларына мұндай ұсыныстарды елемеуге, тек ресми көздерден ақпарат алуға және құқықтық тұрғыдан қорғалған салада ғана әрекет етуге қатаң кеңес береді.", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus




Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса
Андрей Рублёв

Андрей Рублёв и Денис Шаповалов проиграли Томпсону и Нагалу в матче Мировой теннисной лиги






Путин выдал гражданство России уроженцам Франции, США, Германии и Мексики

Владимир Путин наградил Игоря Верника орденом «За заслуги в культуре и искусстве»

Футболист "ПСЖ" Сафонов проиграл бывшей жене седьмой суд за 2024 год

«Организм будет защищаться»: чем опасны российские дженерики «Оземпика»