Добавить новость
ru24.net
World News
Декабрь
2024
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

"Қазақмыстағы" ереуіл: Компания үстемақы төлене бастағанын, жұмысшы қоқан-лоқы жасалғанын айтты

0
Ұлытау облысы Сәтбаев қаласындағы "Қазақмыс" корпорациясына тиесілі шахта кеншілері 17 желтоқсаннан бастап ереуілдеп жатыр. Жұмысшылар негізінен жалақыны өсіруді, еңбек жағдайын жақсартуды талап етеді. Олар жұмысты тоқтатқан.


"Қазақмыс" корпорациясының PR департаментінің басшысы Арман Әлібектің сөзінше, "түсіндіру жұмыстарынан" кейін "Саяқ" (Қарағанды), "Жайсан" және "Шатыркөл" кеніштері (Жамбыл облысы) мен "Жезқазған мысбалқыту" зауытының жұмысы қалпына келтірілген. Олар "Оңтүстік Жезқазған" кенішіндегі әріптестерін қолдау мақсатында жұмыстарын уақытша тоқтатқан еді.


"Оңтүстік Жезқазған" кеншілерімен келіссөз жалғасып жатыр. Бұған дейін басқарма төрағасы кеніш бригадирлерімен кездесіп, жұмысшылардың талаптарын талқылаған. Нәтижесінде 13-жалақыға 30 пайыз үстемақы қосу туралы шешім қабылданды. Ол бүгін төлене бастады" деді Арман Әлібек.


Оның сөзінше, келіссөз аясында жұмысшыларға екі ұсыныс жасалған.


"Біріншісі, ол жалақыны 8,5 пайызға өсіріп, тоқсан сайын 50 айлық есептік көрсеткіш сыйақысын қосымша төлеу. Екіншісі жалақыны 15,6 пайызға индекстеу. Осы ұсыныстарды түсіндіру үшін [басшылық] шахтаға түсіп, жұмысшылармен тіке кездесу де өткізді" деді компания өкілі.


Азаттық тілшісі 20 желтоқсанда ереуілшілердің бірімен де сөйлесіп көрген.


"Әлі шешілген жоқ. [Ереуілшілер] Жер астында отыр. Олар [жұмыс беруші компания] қорқытып жатыр. Неше түрлі қоқан-лоқы жасайтын варианттар айтып, қудалап жатыр. Тіке айтпаса да, соған қиыстырады" деді аты-жөнін атағысы келмеген ереуілшілердің бірі Азаттыққа.


18 желтоқсанда әлеуметтік желіде наразылыққа шыққан адамдардың төрт талабы көрсетілген ақпарат тараған. Онда жұмысшылар айлықты екі есе өсіруді, 13-жалақыны толық төлеуді, басқарма төрағасы Нұрахмет Нұриевтің келуін әрі ереуілдеп тұрған кеншілерді қудаламауды талап еткен.


Осыған дейін жұмыс беруші “жалақыны өсіру компания шахталарының табысына қауіп төндіруі мүмкін” деп айтқан еді. 19 желтоқсанда еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі “Қазақмыс” жұмысшыларының ереуілін “еңбек заңнамасына қайшы” деп атап, ереуілшілерді жұмысқа оралуға шақырған.


Бұған дейін Азаттық сөйлескен жұмысшылар наразылық кемі алты шахтада болып жатқанын айтқан еді. Олардың сөзінше, 1500 жуық адам жер бетіне шықпай отыр. Бірақ «Қазақмыс» корпорациясының ресми өкілі Арман Әлібек Азаттыққа «наразылық тек екі шахтада жүріп жатыр, 250-дей жұмысшы ереуілдеп тұр» деген.


"Қазақмыс" корпорациясы Қазақстанның орталығында мыс өндіреді, кен байыту фабрикалары бар және Ұлытау облысындағы негізгі салық төлеуші әрі жұмыс беруші болып саналады. "Қазақмысқа" металлургия кәсіпорындары ғана емес, сонымен бірге көмір кен орны, электр станциялары, тіпті Жезқазғандағы арнаулы орта оқу орны да тиесілі.




 



Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus




Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса
ATP

Теннисиста хотели заставить сдать допинг‑тест во время матча молодежного Итогового турнира ATP






Ефимов: Дома по программе реновации оснастят лифтами московского производства

22 декабря отмечается день святой Анны: что категорически нельзя делать, народные приметы

День риэлтора в России

Овчинский: Новогодний строительный кран появится на катке в Парке Горького в рамках проекта «Зима в Москве»