Добавить новость
ru24.net
World News
Декабрь
2024
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26
27
28
29
30
31

Demoscope: Қазақстандықтардың жартысынан көбі бірыңғай уақыт белдеуіне көшуді қолдамайды

0
Қазақстандықтардың жартысынан көбі (53,1%) бірыңғай уақыт белдеуіне көшуді қолдамайды. Респонденттердің 22,1% шешімді қолдаса, 15,5% мәселеге бейтарап қарайды. Ал 7,4%-і мүлдем бейхабар. Demoscope қоғамдық пікірді зерттеу бюросының қараша соңы мен желтоқсан басында жүргізген “2024 жылы Қазақстанда болған ең айтулы оқиғалар” атты сауалнамасының нәтижесі осыны көрсеткен.


“Азаматтардың бұл реформа туралы ойын анықтайтын негізгі индикатор – респонденттердің тұратын өңірі. Қазақстанның барлық дерлік облысында бұл шешімді қолдамайтын азаматтардың үлесі басым екені байқалады. Әсіресе, уақыт бір сағат артқа жылжыған өңірлерлерде наразылық айқын көрінеді” деп жазды зерттеу авторлары.


Сауалнамаға 17 облыс пен республикалық маңызы бар қаладан 1100 адам қатысқан.


“2024 жылы Қазақстанда болған есте қаларлық 2-3 оқиғаны айтыңыз” деген сұрақта (10,8%), АЭС референдумы (10,4%) және Талғардағы Шерзат Полаттың қазасы (7,8%) салыстырмалы түрде жиі аталған.


Сонымен бірге респонтенттер пікірінше, "резонанс тудырған оқиғалар рейтингісінде" төмендегі оқиғалар да бар:



Бірыңғай уақыт белдеуіне көшу (7,6%)
Жер сілкінісі (6,4%)
Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін Бишімбаевқа шыққан үкім және отбасындағы зорлық-зомбылық туралы заңға енгізілген өзгерістер (4,4%)
Теңгенің девальвациясы (3,1%)
Париж Олимпиадасында қазақстандық спортшылардың өнері (2,6%)
Халықаралық іс-шаралар, мемлекеттік сапарлар (2,3%)
Астанада өткен Дүниежүзілік көшпелілер ойыны (2%).


 


Бюроның зерттеуінше, қазақстандықтарды көбіне төмен жалақы (37,6%), қымбатшылық (28,3%) және жемқорлық (26,8%) алаңдатады.


“DEMOSCOPE сауалнамасы қазақстандықтар өмірдің негізгі салаларына да көңілі толмайтынын анықтады. Ең көп сынға қалғандары: экология (54%), экономика (46,5%) және азаматтардың өмір сүру деңгейі (43,3%). Сонымен қатар келесі салаларға да теріс баға берілді: жұмыспен қамту (32,9%), денсаулық сақтау (31,4%), құқық тәртібі мен қауіпсіздік (26,6%), білім беру (26,3%), саяси және азаматтық еркіндік (20%)” дейді зерттеу авторлары.


Олардың сөзінше, 2023 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда “динамикадағы деректер барлық бағыттар бойынша орташа 8%-ке нашарлағанын көрсетеді”.


“DEMOSCOPE зерттеуі мемлекеттік шешімдерді қазақстандықтардың көп бөлігі қолдамайтыны әлеуметтің көңілі толмайтынын көрсетеді. Бұл факторлар болашақта наразылық көңіл-күйінің артуына және әлеуметтік тұрақсыздыққа әкелуі мүмкін” деп түйіндейді зерттеу авторлары.




 



Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus




Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса
WTA

Тарпищев: в 2025 году Мирра Андреева может войти в первую десятку WTA






Якутский салат «Индигирка» снова попал в рейтинг худших блюд мировой кухни

Путин пригласил воинские расчеты стран СНГ принять участие в параде Победы

Израильский удар в Газе: 5 погибших, 20 раненых после налета на дом

Вильфанд: жители европейской части РФ могут встретить Новый год с зонтами