Добавить новость
ru24.net
World News
Декабрь
2024

АҚШ өкілдер палатасы үкіметтің үзіліссіз жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін заң жобасын қабылдады

0
АҚШ өкілдер палатасы жұма күні үкіметтің үзіліссіз жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін заң жобасын қабылдады. 


Құжатты 366 конгрессмен қолдап, 34 конгрессмен қарсы шықты деп жазды "Америка дауысы". 


Құжатты сенат мақұлдаса, президент Джо Байденге қол қоюға жіберіледі. Ақ үй үкіметтің жұмысы тоқтамас үшін Байден оған қол қоятынын айтты. 


Заң жобасы үкіметті қаржыландыруды 14 наурызға дейін қазіргідей деңгейде қалдыруды, табиғи апаттың салдарын жоюға шамамен 100 млрд доллар бөлуді, фермерлерге экономикалық көмек ретінде шамамен 10 млрд доллар қаражат бөлуді қарастырады. Бірақ ол мемлекеттік қарыз көлемін ұлғайтуды қарастырмайды. Бұған дейін қайта сайланған президент Дональд Трамп қарыз көлемін арттыруды қолдаған еді. 


Үкімет жұмысының тоқтауы құқық қорғау органдары мен ұлттық парк қызметтерінің үзіліссіз жұмыс істеуіне кедергі келтіріп, миллионға жуық федералдық қызметкерді айлықсыз қалдыруы мүмкін еді. АҚШ-тың туризм қауымдастығы үкіметтің жабылуының салдарынан әуе компаниялары аптасына  $1млрд шығынға батуы мүмкін деп ескерткен. 



Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus




Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса
Рафаэль Надаль

«Даже не цирк, а позор». Лучший теннисист Казахстана раскритиковал Рафаэля Надаля






Русский язык и детский сад: как изменятся занятия «Разговоры о важном» в 2025 году

Источник 360.ru: на северо-востоке Москвы вспыхнула сауна

Как правильно утилизировать живую и искусственную елку: советы и идеи

Frankfurter Rundschau: Захарова дразнит своими шутками главу МИД Германии Бербок