Добавить новость
ru24.net
World News
Декабрь
2024
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Министр Әлназарова Қостанайда фельдшердің соққыға жығылуына қатысты пікір білдірді

0
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова әлеуметтік желідегі парақшасында Қостанайда жедел жәрдем фельдшерінің соққыға жығылуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Халықтың денсаулығын сақтайтын медицина қызметкерлерінің қызмет барысында, өз денсаулығына қатер төндіретін оқиғалары көбейіп барады. Жақында ғана Қостанайдағы жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасалды. Шақыртуға келген жас қызметкер - Анель Баймурзинаның ұрып-соғу салдарынан алған жарақаттарынан ауруханаға түсті. Анель Баймурзинаның отбасына өз тарапымнан қолдау білдіре отырып, бұл жағдайдың назардан тыс қалмайтынын жеткіземін", - деп жазған ол.

Министр мәліметінше, шұғыл медицина қызметкерлері адам өмірінің аса қауіпті кезеңінде көмекке келетін және өз өмірінің қатеріне де мән беруге мүмкіндігі бола бермейтін қызметкерлер санатына жатады.
Жергілікті атқарушы органдардың деректеріне сәйкес 2019-2023 жылдар аралығында елімізде қызметтік міндеттерін атқару кезеңінде 158 медицина қызметкерлері зардап шеккен. Оның ішінде

2022 жылы - 46;
2023 жылы - 80;
2024 жылы -9 шабуыл тіркелген.


"Медицина қызметкерлерінің қызметтік борышын орындауы барысында, оларға жасалған шабуыл, зорлық-зомбылық әрекеттері үшін қылмыстық жауаптылықты енгізуге байланысты депутаттардың қолдауына сүйендік. Мұндай әрекеттер еркіндікті шектеуге және қоғамның айыптауына дейінгі әділ жазасын алуға тиіс. Дәрігерлер мен мейіргерлер, бұл - Сіздің денсаулығыңызға күнделікті қамқорлық жасайтын, уақытпен, жеке өмірімен және қиын жағдайлармен санаспай көмекке келетін жандар. Денсаулық сақтау министрлігі өз өмірін қатерге тігіп, басқалардың өмірін сақтап қалатын медицина қызметкерлерінің қайсарлығы мен батылдығын атап өтетін болады. Әріптестерімнің өз мамандығына адалдығы қоғамға кеңінен танылып, бәрімізге үлгі болуға тиіс", - деп қорытындылады ол.

Еске салайық, 19 желтоқсанда Қостанайда науқас әйелдің туыстары қоңырауға келген жедел жәрдем фельдшерін соққыға жыққаны белгілі болды. Зардап шеккен Анель Баймурзина төрт жылдан бері жедел жәрдем станциясында жұмыс істейді. Оны аяқ-қолымен ұрып-соққан. Екінші фельдшер мен жүргізуші әйелдерді ажыратпақ болған. Анель қазір миы шайқалып, іші жарақат алып, ауруханада жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus




Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса
Стефанос Циципас

Циципас и Шевченко проиграли паре Томпсона и Нагала на выставочном турнире в Абу-Даби






Эксперты: электродепо «Ильинское» дополнит транспортную инфраструктуру Москвы

Пескова удивил солидный вопрос блогера Бумаги на прямой линии с Путиным

Президент России дал старт работе нового терминала в аэропорту Ставрополя

Дубли Абрамова и Гурьянова помогли ЦСКА одержать восьмую победу подряд