Атырауда құтқарушылар баланың саусағын шайбадан алуға көмектесті
Атырауда құтқарушылар баланың саусағын шайбадан алуға көмектесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Облыстық балалар ауруханасының жедел жәрдем бөліміне бес жасар бала түсті. Ол саусағын шайбаға тығып, оны шығара алмады. Дәрігерлер құтқарушылардан көмек сұрады.
ТЖМ
Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері металл бөлігін мұқият кесіп алып, "найпер" деп аталатын авариялық-құтқару құралының көмегімен шайбаны алып тастады. Бұған бір-екі минут кетті. Операция сәтті аяқталды, сәбиге еш зиян келмеді.
Төтенше жағдайлар министрлігі ата-аналарды мұқият болуға және балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!