Ақтауда қымбат көлік жүргізушілеріне айыппұл салынды
Bentley, Mercedes Benz және Porshe көліктерінің жүргізушілеріне жолда билегені үшін айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі lada.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.Әлеуметтік желілерді бақылау барысында патруль полиция батальонының қызметкерлері Bentley, Mercedes Benz және Porshe көліктерінің жүргізушілері 5 және 6-шы шағын аудандар арасындағы жол бойында билеп, жол қозғалысы ережелерін бұзған видеоны анықтады.
Полиция департаментінің мәліметінше, көлік иелеріне қатысты тиісті хаттамалар толтырылған.Үш көлік те қамау алаңына жеткізілді.
Полицейлер жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!