Израиль Тегерандағы ХАМАС жетекшісінің өлімін мойнына алды
Израиль қорғаныс министрлігінің қазіргі басшысы "Бұл күндері хуситтердің террор ұйымы Израильге зымыран атып жатқанда, оларға нақты үндеу жібергім келеді: біз ХАМАС-ты жеңдік, "Хезболланы" жеңдік, Иранның қорғаныс жүйесін істен шығарып, өндіріс орындарын бүлдірдік, Сириядағы Асад режимін құлаттық. Йемендегі хусит террористеріне де қатты соққы береміз" деп мәлімдеген.
"Израиль олардың стратегиялық инфрақұрылымын бүлдіріп, Тегеранда, Газада және Ливанда Хания, Синвар, Насраллаға істегендей қолбасшылықтарын жоямыз. Біз мұны Ходейда мен Сана [қалаларында] да істейміз", – деді Кац қорғаныс министрлігі қызметкерлері қатысқан жиында.
Иран қолдап отырған Йемендегі хуситтер екі жылдан астам уақыт бойы Қызыл теңіздегі сауда кемелеріне шабуыл жасап, Израильдің теңіз блокадасын күшейтуге тырысып келеді. Олар мұны Газа секторындағы палестиналықтарды қолдау мақсатында істейтінін айтқан.
Биыл шілденің аяғында Тегеранда “ХАМАС” террор ұйымының жетекшісі Исмаил Хания қаза тапқан. Иран қастандықты Израиль ұйымдастырды деді. Reuters агенттігінің жазуынша, Израиль ол кезде шабуылды мойнына алмаған.
Бірталай уақыттын бері Ханияның тұрақты жері Қатар болатын, ХАМАС жетекшісі онда Палестина дипломатиясының атынан өкіл еді. Хания Газа секторындағы атысты тоқтату туралы жанама келіссөз ұйымдастыру бойынша халықаралық күштің бөлігі болды деп жазды Reuters агенттігі.