Bloomberg: аятолла Хаменеидің кеңесшісінің ұлы Ресейге Иран қаруын жеткізумен айналысады
Олардың мәліметінше, қару-жарақ, дрон бөлшектері мен қос мақсаттағы тауарларды Ресейге тасумен Шамханиге қатысы бар фирма былтырдан бері айналысып келеді. Олар осы мақсатта дубайлық Crios Shipping LLC компаниясының кемесін пайдаланған. Ақпаратқа қарағанда, кеме 2023 жылдың ортасынан бері Каспий теңізінде Иран мен Ресей арасында қатынайды.
Bloomberg-тің жазуынша, 2024 жылы осы компанияның екі кемесі кемінде бес рет Ираннан Астраханға жүк тасыған.
Есесіне Мәскеу Тегеранға мұнай береді.
Иран дронын тасымалдауға Шамханидің қатысы барын осыған дейін АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік жөніндегі бұрынғы кеңесшісі Джон Болтон да мәлімдеген.
Шамхани – Иранның бұрынғы қорғаныс министрі, аятолла Әли Хаменеидің кеңесшісі Әли Шамханидің ұлы. Bloomberg-тің жазуынша, оған Иран және Ресейдің мұнайы экспортымен айналысатын компаниялар желісі тиесілі. 2022 жылы еншілес компаниялар желісінің түсімі шамамен 15 млрд доллар болған.
Оның бизнес-империясына Лондон, Женева, Сингапурда кеңселері бар хедж-қорлар, мұнай танкерлері, кемелер кіреді.
Шамханидің өзі ресми түрде мұнай саудасына қатысы жоқ логистика бизнесін жүргізіп, санкцияға ілінбеген елдермен ғана жұмыс істейді.