Добавить новость
ru24.net
World News
Декабрь
2024

Су тасқынын ғарыштан болжау: ақпараттық жүйенің мүмкіндігі қандай

0

Биылғы су тасқынынан кейін Үкімет басшысы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің алдына ғарыштық мониторинг жүргізу арқылы тасқынды болжауға арналған отандық ақпараттық жүйе әзірлеу міндетін қойған еді.

— Көктемдегі алапат тасқын бүкіл еліміз үшін үлкен сынақ болды. Сол қиын күндерде біз ынтымағы жарасқан ел екенімізді көрсеттік. Қазақстанның әр аймағынан жиналған еріктілер мен жанашыр азаматтар зардап шеккен жұртқа көмек қолын созды. Менің елдік істен шет қалмау туралы үндеуіме ірі бизнес өкілдері де қолдау білдірді. Мемлекеттің батыл әрекеті мен халықтың өзара тілектес болуының арқасында аса қиын жағдайдан аман-есен өттік. Дегенмен орталық және жергілікті билік өкілдері осы оқиғадан сабақ алуы керек».

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Қазақстан халқына Жолдауында елді әбігерге салған тасқын мәселесіне осылай бөлек тоқталған болатын.

Президент тапсырмасын іске асыру шеңберінде Үкімет тасқынның алдын алуға ерте кірісті. Осылайша резервтен батиметриялық зерттеулер жүргізуге шамамен 576 млн теңге бөлінді.

«Қазақстан ғарыш сапары» ұлттық компаниясының мәліметіне сүйенсек, бүгінде тасқынды болжау және модельдеу бойынша Tasqyn.gov.kz ақпараттық жүйесін әзірлеу аяқталуға жақын. Жүйе 31 желтоқсанда іске қосылады деп жоспарланып отыр. Ақпараттық жүйені әзірлеуге 39 маман тартылған.

Жүйе төрт сатыдан тұрады: деректерді жинау, талдау, болжау және модельдеу

Деректерді базасы кейінгі 30 жыл ішіндегі (1994-2024 ж.ж.) «Қазгидромет» метеостанциялары мен гидро бекеттердің тарихи гидро-метеорологиялық деректерін, жер бедерінің цифрлық моделін су тасқыны кезеңіндегі архивтік ғарыштық суреттерді, сондай-ақ өзен арналарының батиметриялық түсірілімі туралы мәліметтерді қамтиды.

Талдау аталған деректерді жүйелеуді және цифрлық форматқа аударудан тұрады. Ол Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Су ресурстары және ирригация министрлігі, Экология және табиғи ресурстар министрлігі және Төтенше жағдайлар министрлігі мен оларға қарасты ұйымдар бекіткен тасқынды болжау және модельдеу әдістемесіне сәйкес жүргізіледі.

Талдау жұмыстары GloFAS жаһандық су тасқынын алдын алу жүйесінің су шығыны бойынша болжамдары, сол сияқты әр апта сайын 75 өзеннің су деңгейі мен ағынына, қосымша 135 өзенге келесі жылдың 5 ақпаны және 5 наурызына дейін «Қазгидромет» мекемесі ұсынған болжамдық деректер негізінде жасалады. Сондай-ақ «Қазсушар» мемлекеттік мекемесі реттейтін су қоймаларындағы су жіберу болжамы талдауға арқау болады.

Осылайша ақпараттық жүйедегі деректерді модельдеу тасқыннан кем дегенде 30 күн бұрын барлық Қазақстан өзендеріндегі су көлемінің көтерілу қаупі туралы хабарды ерте алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар елімізде су басуы ықтимал аймақтарды болжауға септігін тигізеді.

Ақпараттық жүйе қаншалықты тиімді

— Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың тапсырмасына сәйкес, тасқынды болжауға арналған ақпараттық жүйені іске асыру биыл 31 шілдеде басталды. Жүйедегі деректерді апробациялау үшін көктемгі тасқын кезіндегі ғарыштан түсірілген суреттер, «Қазгидрометтің» ауа райы болжамы, сонымен қатар «Қазсушар» мекемесінің қоймалардан су жіберу және қоймаларды толтыру деректері пайдаланылды. Модельдің дәлдігі «Қазгидромет» болжамдарының сенімділігіне байланысты кейбір өзен учаскелерінде 85%-ға дейін жетеді, — делінген «Қазақстан ғарыш сапары» ҰК агенттік тілшісіне қайтарған жауабында.

Одан бөлек, жүйе төтенше жағдайлар департаменттері мен жергілікті атқарушы органдар үшін тасқынға қарсы алдын ала іс-шараларды жоспарлау мен тиісті шешімдер қабылдауда тиімді құрал болмақ. Себебі, жүйеде тасу қаупі бар өзендер бойынша ықтимал су басу аймақтары көрсетіледі, сондай-ақ су шаю қаупі бар әлеуметтік нысандар белгіленеді. Одан бөлек, тасқын ықтимал жағдайда шығынды алдын ала бағалауға және зардабын жоюға қатысты шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Жалпы, ақпараттық жүйе автоматтандырылған режимде су қоймасына келетін судың көлемін, тасқынның ауқымын анықтауға мүмкіндік береді.

Ғарыштық бақылау тәжірибесі бұған дейін де болған

Биыл тасқын кезінде Төтенше жағдайлар министрлігі және жергілікті атқарушы органдардың сұраныстарын жедел өңдеу мақсатында республикалық жедел штаб құрылды. Осы орайда «Қазақстан ғарыш сапары» ұлттық компаниясы ғарыштық түсіру және өзендердің тасуы мен су шайған аймақтарды модельдеу жұмыстарын жүзеге асырды.

Тасқынның шегі мен су шаюды бақылау барысында отандық ғарыштық аппараттар түсірген 480 спутниктік фото пайдаланылды.

Сонымен қатар ұлттық компания әзірлеген «Dangers» мобильді қосымшасы арқылы Төтенше жағдайлар министрлігі қызметкерлері мен аймақтық бөлімше мамандары тасқын тәуекелі жоғары учаскелерді көрсетіп отырды. Бұл қауіптің алдын алуға септігін тигізді.

Tasqyn.gov.kz: шетел тәжірибесі зерттелді

Ақпараттық жүйені әзірлеу барысында жаһандық су тасқыны туралы ескерту жүйесі (GLOFAS) негізге алынды (Copernicus төтенше жағдайларды басқару қызметінің өнімі). Бұл жүйе әлем бойынша, әсіресе ірі трансшекаралық өзен алаптарында, су тасқындарына дайындық шараларын қолдауға арналған. GloFAS жүйесі интеграцияланған, онда Қазақстан Республикасының су басуы ықтимал өңірлердің картасы мен тәуекел аумақтар (30 күн бойы нақты уақыт режимінде) көрсетіледі.

Одан бөлек, Су ресурстары және ирригация министрлігі ұйымдастырған оқыту аясында Нидерландының су тасқыны басқару тәжірибесі зерттелді. Delft-FEWS Platform (Нидерланды) — бүкіл әлем бойынша су тасқынына алдын ала ескерту және болжау жүйесі. Fast Flood модулі пайдаланушыға Қазақстанды қоса алғанда тасқын жағдайын ғаламдық модель мен жер бедерінің сандық моделін, гидрометеорологиялық деректерді қолдану арқылы өздігінен модельдеуге мүмкіндік береді. Қазір Қазақстанға қатысты деректерді Tasqyn жүйесінде техникалық интеграция жасау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, қазанда Президент телерадиокешені су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар туралы «Серт» деректі фильмін түсірді.

 

Сообщение Су тасқынын ғарыштан болжау: ақпараттық жүйенің мүмкіндігі қандай появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus




Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса
Елена Рыбакина

Елена Рыбакина начала новый год разгромом за Казахстан






Эксперты рассказали о предпочтениях в путешествии россиян в одиночку

Сергунина пригласила москвичей и туристов посетить «Путешествие в Рождество» на каникулах

Мария Захарова: Россия больше не нуждается в одобрении Запада

Один человек погиб при пожаре в квартире в Москве