Добавить новость
ru24.net
World News
Декабрь
2024

Оңтүстік Корея парламенті уақытша президентке импичмент жариялады

0
Оңтүстік Кореяның парламенті президеттің міндетін атқарушы Хан Док Суға импичмент жариялауды қолдап, дауыс берді. Құжатты 192 депутат қолдады, ешкім қарсы дауыс берген жоқ. Хан Док Суды биліктен кетіруге оның Конституциялық сотқа қосымша судьяларды тағайындаудан бас тартуы түрткі болған. 


Оңтүстік Кореяның тарихында алғаш рет уақытша президент импичментпен биліктен кетірілейін деп отыр деп жазды "Ренхап" агенттігі. Юн Сок Ельге импичмент жарияланғаннан кейін елдің премьер-министрі Хан Док Су оның міндетін атқарушы болған. 


Юн Сок Ельді биліктен уақытша немесе түбегейлі кетіру-кетірмеу мәселесін енді Конституциялық сот шешпек. Импичменттің күшін жою үшін бір ғана судьяның дауысы жеткілікті. Оппозиция Ханнан судьялардың санын көбейтуді талап етіп, тағы үш кандидатураны ұсынған. Егер бұл ұсыныс қабылданғанда сот алқасы мүшелерінің саны тоғызға жеткен болар еді. 


"Премьер-министр әрі президенттің міндетін атқарушы Хан Док Судың Конституцияны қорғауға біліктілігі де, жігері де жетпейтіні анық болды" деді парламенттегі оппозициялық демократиялық партиясы фракциясының жетекшісі Пак Чхан Дэ.


Хан Док Суға қатысты парламент шешімін де енді Конституциялық сот шешпек. Вице-премьер, жоспарлау және қаржы министрі Чхве Сан Мок президенттің міндетін атқарушы болмақ деп жазды "Дүниежүзілік KBS радиосы".



Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus




Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса
WTA

Соболенко вышла в третий раунд турнира WTA в Брисбене






В России начали выдворять мигрантов за публичный намаз в общественных местах

Человек погиб при пожаре в квартире на юге Москвы

«Желаю родить детей»: Лариса Долина в Новом году напомнила о семейных ценностях

«Эпоха новых вызовов»: какие изменения нас ждут в следующие 25 лет