Добавить новость
ru24.net
World News
Декабрь
2024

Қазақстан апатқа ұшыраған ұшақтың қара жәшіктерін Бразилиядағы CENIPA-ға жібереді

0

Қазақстан Ақтау маңында апатқа ұшыраған Azerbaijan Airlines әуекомпаниясы ұшағының қара жәшіктерін Бразилиядағы Авиациялық оқиғаларды зерттеу және алдын алу орталығына (CENIPA) жібереді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Республикасының Көлік министрлігіне сілтеме жасап.
Министрлік мәліметінше, Чикаго конвенциясының 13 қосымшасына сәйкес, тергеу жүргізетін мемлекет борттық өздігінен жазғыш деректерін оқуды қамтамасыз етеді және оларды қай елде таратып жазу туралы шешім қабылдайды.
Қазақстан бұл Конвенцияны 1992 жылы ратификациялады және Халықаралық Азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) мүшесі болып табылады.

"Жоғарыда аталған құжаттың негізінде, сондай-ақ ИКАО ұсынымдарын ескере және Әзербайжан мен Ресейдің авиациялық билік өкілдерімен кеңесе отырып, ҚР көлік министрі Марат Қарабаев басқаратын авиациялық оқиғаны тергеу жөніндегі Комиссия борттық өздігінен жазғыштарды (қара жәшіктерді) Embraer әуе кемесін шығарушы Бразилияның авиациялық оқиғаларды тергеу және алдын алу орталығына (CENIPA) жіберу туралы шешім қабылдады", - делінген хабарламада.

CENIPA орталығында қажетті техникалық мүмкіндіктер қарастырылған, тиісті құралдармен жабдықталған және оларды оқу үшін сертификатталған зертхана бар екені айтылды.
Бұл мәселе Мемлекет басшысының жеке бақылауында.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus




Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса
Новак Джокович

Теннисист Джокович взял медицинский таймаут в матче с Алькарасом на AO






Более 600 спорсменов выступили на первенстве по дзюдо в Орехово-Зуеве

Стамбульский мажор на перевоспитании: Радио Romantika рекомендует «Холоп. Великолепный век»

"Отходы в красивой банке": названы марки кофе, которые не стоит покупать даже по большой скидке

Суд продлил арест фигурантам дела об афере с квартирой Ларисы Долиной