Добавить новость
ru24.net
World News
Январь
2025

Қазақстанда берілген паспорттар саны рекорд көрсеткіш көрсетті

0

Былтыр елімізде ҚР азаматының төлқұжатын алғандар саны рекордтық көрсеткіш орнатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Министрлік берген ақпаратқа сенсек, 2024 жылы елімізде 1 488 308 ҚР азаматының төлқұжаты дайындалды. Бұл 30 жылдың ішіндегі рекордық көрсеткіш.

"Оның негізі себептерінің бірі – балалар үшін төлқұжат құнының екі есе төмендеуі. Қазақстан Республикасының азаматы паспортын алған ең жас азаматқа не бары 10 күн, ал құжат алған ең үлкен азаматтың жасы 109-да болды" деп қосты ІІМ.

Сондай-ақ, 2024 жылы елге реадмиссия тәртібінде шетелде құжатсыз жүрген 70 қазақстандық азамат қайтарылды. Онымен қоса шетелдік жұмыс күшін заңсыз еңбекке тартқан 3 786 жұмыс беруші анықталды. Президент жолдауын іске асыру аясында оңайлатылған тәртіпте 41 шетелдік IT-маманына тұрақты тұруға рұқсат берілді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса