Добавить новость
ru24.net
World News
Январь
2025
1 2 3 4 5 6 7 8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Эпидемиолог Қытайда өршіп жатқан вирус несімен қауіпті екенін айтты

0
Жіті респираторлық вирустық инфекцияларға жататын метапневмовирустың әлемде тарауы БАҚ-та үлкен талқыға түсті. Бұл вирус расында қауіпті ме? Оның алғашқы белгілері қандай? Қазақстанда вирус өршіп жатқаны туралы ақпарат рас па? Massaget.kz тілшісі осы және өзге де сұрақтардың жауабын алу үшін Денсаулық сақтау министрлігінің қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының профессоры, эпидемиолог Жұмабек Бекеновпен сұхбаттасты.
Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.
"Бұл вирус 2001 жылдан бері бар"
Маман метапневмавирус бұрыннан бар екенін және жіті респираторлық вирустық инфекцияларға (ЖРВИ) жататынын айтты. Оның сөзінше, бұл вирус кәдімгі пара тұмау түрлеріне ұқсас.

"Қазаннан бастап сәуірге дейін ЖРВИ вирустарының, жалпы тұмаулардың ең өршитін уақыты. Соның ең жоғарғы өршуі қаңтарға келіп отыр. Сондықтан да метапневмавирус туралы енді естіп отырмыз. Әйтпесе бұл 2001 жылдан бері бар вирус. Мәселен, ол - пара тұмау, аденовирус, риновирус, баукавирустар сияқты ағайынды вирустардың бір түрі. Анау айтқандай қорқатын дүние емес. Дүрлігудің қажеті жоқ", - деді профессор.

Алғашқы белгілері қандай және қалай таралады?
Профессор Жұмабек Бекеновтың сөзінше, метапневмовирустың негізгі белгілерінің кәдімгі тұмаудан айырмашылығы жоқ. Алғашқы белгілері ретінде мыналарды қарастырсақ болады:

мұрынның бітелуі немесе су ағуы;құрғақ немесе ылғал жөтел, тамақ ауыруы;қызу көтерілуі (38°C-тан жоғары болуы);тәбеттің төмендеуі;шаршау және әлсіздік;демікпе немесе тыныс алудың қиындауы (әсіресе, созылмалы аурулары бар адамдарда);құлақтың ауыруы немесе бас ауруы.


"Метапневмовирус қарапайым дені сау адамдарда кәдімгі тұмау секілді өтеді. Тек қарт кісілер үшін және созылмалы аурулары бар жандар үшін қауіпті болу мүмкін. Тұмау секілді болғандықтан ауа арқылы таралады", - деп қосты маман.

Коронавирустан да қауіпті екені рас па?
Маман бұл вирустың қоздырғышы әлі анықталмағанын айтты. Сондықтан әзірге арнайы алдын алу жолдары немесе вакцина түрі жоқ.

"Ел арасында бұл вирустың коронавирустан да қауіпті екені айтылып, дүрліктіретін ақпараттар тарап жатыр. Алайда халыққа аса қорқудың керегі жоқ дер едім. Коронавирус секілді аса үлкен қауіп тудырмайды", - деді ол.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.



Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus




Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса
WTA

Казанская теннисистка Полина Кудерметова уступила Арине Соболенко в финале WTA в Брисбене






Тульские инспекторы ДПС помогли восстановить отопление в автобусе

Лукашенко опасается войны с Киевским режимом. Странное признание

Праздник Рождества Христова объединил тысячи верующих в Серпухове

Директор Музея архитектуры Наталья Шашкова: Ошибки не имеют срока давности