Добавить новость
ru24.net
World News
Январь
2025
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

ЕGov-та жаңа қызмет пайда болды

0
Енді қазақстандықтар бұрын алған колледж дипломдары мен мектеп аттестаттарын eGov.kz порталында цифрландыра алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ұлттық ақпараттық технологиялар" мәліметіне сілтеме жасап.
eGov.kz порталында білім туралы құжаттарды цифрландыруға арналған қызмет қолжетімді.

"Енді азаматтар тек қате деректерді түзетіп қана қоймай, құжаттың цифрлық нұсқасын жасауға өтініш бере алады. Қызмет тек бұрын алынған дипломның немесе аттестаттың сканерленген көшірмесі болған жағдайда ғана қолжетімді", - делінген хабарламада.

"Білім туралы құжаттардағы мәліметтерді жаңарту (түзету)" мемлекеттік қызметі кеңейтілген. Бұрын бұл қызмет тек қате мәліметтерді түзетуге мүмкіндік берсе, енді білім туралы құжаттарды цифрландыруға өтініш беру мүмкіндігі қосылған.
Қызметті пайдалану үшін:

kz порталында авторизациядан өтіп, "Азаматтарға" - "Білім" бөлімін таңдау керек;
"Білім туралы құжаттардағы мәліметтерді өзектендіру (түзету)" қызметін таңдап, "Онлайн сұрау" батырмасын басу қажет;
"Білім туралы құжаттар туралы ақпаратты цифрландыру" қызметін таңдап, білім туралы құжаттың түрін көрсетіп, құжаттың сканерленген көшірмесін тіркеу керек;
қызметтің нәтижесі пайдаланушының жеке кабинетінде "Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде қолжетімді болады.


"Құжаттарды цифрландыру кезең-кезеңмен жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта 1980 жылдан 2023 жылға дейін берілген орта білім, техникалық және кәсіби білім беру құжаттары цифрландыруға жатады. Қызметті көрсету уақыты – 5 жұмыс күнін құрайды".

Қызмет көрсетуден бас тарту ұсынылған құжаттар немесе деректер қате болған жағдайда мүмкін.
Қызметтің жаңартылған функционалы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті, "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ, ҚР Оқу-ағарту министрлігі және "Ахмет Байтұрсынұлы атындағы "Талдау" ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы" АҚ-ның бірлескен жұмысының нәтижесінде іске қосылды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus




Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса
Елена Рыбакина

«Я не делала этого последние пять или шесть лет». Елена Рыбакина удивила откровенным признанием






Роскосмос: Новый набор космонавтов запланирован на начало 2026 года

Подмосковные танцоры стали лауреатами конкурса «Московское время»

Обнародовано новое пророчество Жириновского на 2025 год: Россия вернется в границы СССР

Как приготовить квашеную капусту по-настоящему аппетитной: три простых правила