Тәубә етілмейтін күнә
Бір күні Ібліс бір тауға шығып қатты айқайлайды. Қатты айқайлағаны сонша, жер бетінде қанша шайтан бар болса, барлығы сол жерге жиналады. Жиналған шайтандарға Ібліс былай дейді:
— Біз үшін бір пәлекет орын алды. Ең үлкен күнәларды істейтін мұсылман, егер тәубә етіп, Аллаһтан мағфирет (кешірім) тілейтін болса, ол мұсылманның кешірілетінін білдірген бір аят түсті. Біз оларға қанша күнә істетсек істетейік, олар бір күні тәубә ететін болса, бұл күнәлардың барлығы кешіріледі. Біздің істегендеріміздің барлығы босқа кетеді. Одан кейін олар жаһаннамға түспейді. Бұған бір шара, амал табуымыз керек. Бұған бір айлаларың бар ма?
— Жоқ, білмейміз.
— Мен білемін. Мұсылмандарға тәубә еттірмейтін бір...