Қазақстандықтардың банк картасына 300 мың теңге аударылуы фискалдық органдар тарапынан тексеру жүргізуге негіз бола ма? Бұл сұраққа Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің жеке тұлғалардың кірістерін әкімшілендіру басқармасының басшысы Дина Құсайынова жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сұраққа жауап бере отырып, Құсайынова тексеруге негіз тек үш ай ішінде 100-ден астам түрлі тұлғалардан аударым жасалған жағдайда ғана болатынын еске салды. Бір аударым тексеруге жатпайды.
"Егер үш ай қатарынан әр айда 100 және одан да көп әртүрлі адамдардан аударымдар болса, олардың жалпы сомасы ең төменгі жалақының 3 еселенген мөлшерінен (2025 жылы 255 000 теңге) асып кетсе. Бұл отбасындағы мүшелерге де қатысты болуы мүмкін – егер үш ай қатарынан ай сайын той болса (ақша аударымдары болса. – авт. еск.), онда тексеруге түсуіңіз мүмкін", – деді басқарма басшысы брифинг барысында.
Құсайынова 2025 жылдан бастап банктерден ақпарат жеке кәсіпкерлер, заңды тұлғалар және олардың жұбайлары бойынша салық органдарына берілетінін еске салды.
"Аталған шара жасырын кірістер мен тіркелмеген кәсіпкерлерді анықтауға бағытталған, себебі көптеген кәсіпкерлер тауарларға, жұмыстар мен қызметтерге төлемді кәсіпкерлік қызметке арналмаған жеке шоттарына мобильді аударымдар арқылы алады. Сонымен қатар, жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге міндетті емес жеке тұлғаларға арналған қолданыстағы критерийлерге өзгерістер енгізіліп жатыр", – деп толықтырды Дина Құсайынова.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Касаткина о выступлении за сборную Австралии: «Это вопрос, который Tennis Australia должна решать с ITF – это уже совсем другой разговор, и я не буду в нем участвовать»
Величие Овечкина, вылет «Ак Барса» и жизнь в США – в интервью Марченко
Юлия Путинцева получила хорошую новость перед вторым матчем на «Ролан Гаррос»
Арктика с женским лицом: Архангельск готовится к масштабному форуму лидеров и идей
Заместитель прокурора Архангельской области и Ненецкого автономного округа Павел Матанцев провел личный прием работников ГУП НАО «Нарьян-Марская электростанция»
Жара накроет регионы России
Архангельские гребцы завоевали две медали на первенстве России в Краснодаре