Добавить новость
ru24.net
World News
Январь
2025
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Оңтүстік Корея президенті қамауға алынды

0

Оңтүстік Кореяда тергеушілер уақытша шеттетілген, бірақ әлі де президент қызметіндегі Юн Сок Ёлді бүлік ұйымдастырды деген айыппен ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Yonhap агенттігіне сілтеме жасап.

"Агенттік президент Юн Сок Ёлды бүлікке жетекшілік етті деген айыппен қамауға алды", – делінген агенттік хабарламасында.

15 қаңтар, сәрсенбіде таңертең тергеушілер ел басшысының резиденциясына оны ұстау үшін келген, бірақ президенттің күзет қызметімен қақтығысқа түскен. Шамамен 2,5 сағаттық қарсыласудан кейін полиция мен Жоғары лауазымды тұлғаларға қатысты сыбайлас жемқорлықты тергеу басқармасының (CIO) қызметкерлері саты қолдана отырып резиденцияға кірген.
Олар бірнеше бөгеттерден өтіп, әр бөгетте президент күзетінің көліктер мен автобустардан құрған қоршау желілерін еңсерген. Операцияға шамамен 200 полиция қызметкері мен CIO-ның 40 тергеушісі қатысқан.
Кейін Юн Сок Ёл қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін тергеуге өзі келуді шешкені белгілі болды. Сол уақытта резиденцияны күзеткен әскери бөлімшелер тергеушілерге қамау туралы ордерді орындауға кедергі жасамауға келіскен.
Еске салайық, 3 қаңтарда тергеушілер Юн Сок Ёлді қамауға алуға алғашқы әрекет жасады, бірақ бес сағаттан астам қарсыласудан кейін операцияны тоқтатқан. Жоғары лауазымды тұлғаларға қатысты сыбайлас жемқорлықты тергеу басқармасы журналистерге қамауға алу ордерін орындамау шешімін қауіпсіздікке байланысты түсіндірген.
Юн Сок Ёл бүлік ұйымдастырды және билікті теріс пайдаланды деп айыпталып отыр. Тергеушілердің мәлімдеуінше, президент елде әскери жағдай жариялап, парламентке депутаттарға төтенше жағдайды жою туралы дауыс беруге кедергі жасау үшін әскер жіберген.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus




Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса
WTA

Теннисистка Потапова стремится в топ-20 мирового рейтинга WTA в 2024 году






Глава МИД Ирана: договор с Россией не преследует цели создания военного альянса

Иногда лучше жевать: пять способов быстро справиться со стрессом

Владислав Овчинский сообщил о завершении строительства детского сада в НАО

Риелтор Апрелев: квартиры в старых домах подешевеют в Москве в 2025 году