Добавить новость
ru24.net
World News
Январь
2025
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Қазақстандық банктер жаңа стандартқа көшті

0

Қазақстанның төлем жүйелері, екінші деңгейлі банктер мен төлем жүйесінің өзге де қатысушылары төлем хабарламаларының халықаралық ISO 20022 стандартына өтті. Бұл туралы Ұлттық банк хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жаңа стандартты ескере отырып жаңғыртылған төлем жүйелері мен банктердің ақпараттық жүйелері 2025 жылғы 13 қаңтардан бастап жаңа форматта іске қосылған. Банктер клиенттердің төлем тапсырмаларын ақпараттық жүйелердің жұмыс кестесіне сәйкес әдеттегі режимде, еш шектеусіз және кідіріссіз қабылдап жатыр.

"Жаңа стандарт төлемдерді өңдеу ісін автоматтандыруға, сондай-ақ есеп айырысудағы жылдамдық пен қауіпсіздікті арттыруға ықпал етеді. ISO 20022 стандартының ерекшелігі – төлем немесе мәміле туралы қосымша мәліметтерді беру мүмкіндігінде. Бұл сәйкестендіру процесін жеңілдетіп, қателіктерді азайтады және клиентке көрсетілетін қызмет сапасын арттырады" - делінген хабарламада.

ISO 20022 стандарты қолданылғанда осы әдістемені пайдаланатын әртүрлі ақпараттық және төлем жүйелері арасында жаһандық үйлесімділік қамтамасыз етіледі. Қазақстан Орталық Азия елдері арасында алғашқылардың бірі болып халықаралық стандартты пайдаланатын мемлекеттердің қатарына кірді. Енді Еуропалық Одақ пен Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен бірге трансшекаралық төлемдерді жеңілдетіп, халықаралық сауда-саттықтың дамуына ықпал етеді.
ISO 20022 стандартының енгізілуі қаржы институттары мен клиент (тұтынушы) арасындағы өзара әрекеттесудің тиімділігін арттырып қана қоймай, қаржы нарығындағы технологиялық өзгерістерге бірыңғай ережелер мен рәсімдер негізінде тез бейімделуге мүмкіндік береді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus




Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса
Даниил Медведев

Australian Open. Расписание на вторник. Медведев сыграет в 6 утра по Москве, Касаткина и Хачанов – первым запуском, Рублев – последним






Астроном Кошман: ближайший большой парад планет произойдёт в 2040 году

Стало известно, какие машины больше всего подешевели в 2024 году

Иск к Центру Хруничева на более чем 111 млн рублей частично удовлетворили

Жажда славы. Психолог Никишина пояснила, почему подростки такие безбашенные