Шығын 200 миллион теңге: Қытайдан келген тауарларды ұрлаумен айналысқан топ әшкере болды
Қытайдан келген тауарларды ұрлаумен айналысқан топқа қатысты тергеу аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас көлік прокуратурасына сілтеме жасап.
Алматы-1 станциясындағы желілік полиция басқармасы 2023 жылдан 2024 жылға дейін Қытайдан келген тауарларды ұрлаумен айналысқан уақытша сақтау қоймасы (УСҚ) қызметкерлерінің тобына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтаған.
"Күдіктілер ұрланған тауарларды жергілікті базарларда сату үшін контейнерлер ішіндегі тауарларға қолжеткізген ақпаратты пайдаланған. Келтірілген шығын 200 миллион теңгеден асып, отандық және шетелдік компанияларға зардап келтірілді", - делінген хабарламада.
Жетісу көлік прокуратурасы істі сотқа жолдады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!