Добавить новость
ru24.net
World News
Январь
2025

Қысқы Универсиада: 16 қаңтарда қазақстандықтар қандай спорт түрлерінен сайысқа түседі

0

Бүгін, 16 қаңтарда Италияның Турин қаласында 2025 жылғы Қысқы универсиаданың үшінші жарыс күнінде қазақстандық спортшылар биатлон, мәнерлеп сырғанау және шайбалы хоккейден сынға түседі.

Дүбірлі додада биатлон 14:00-де басталады. Аралас эстафетада ерлер 7,5, әйелдер 6 шақырымға жарыс жолына шығады. Аталған сында еліміздің намысын Никита Акимов пен Полина Егорова қорғайды.

Ал мәнерлеп сырғанауда қысқа бағдарламада сағат 22:00-ден бастап ерлер арасында Никита Кривошеев, Михаил Шайдоров пен Диас Жиренбаев сайысқа түседі.

Cағат 20:30-де шайбалы хоккейден әйелдер арасында Қазақстан мен АҚШ кездесуі басталады.

Қазірге дейін Қысқы универсиадада ел құрамасы қоржынында 2 алтын, 3 күміс, 1 қола медаль бар. Фристал -могулдан Анастасия Городко екі мәрте чемпион атанды.

Ал фристал-могулдан Аяулым Әмренова, парашаңғыдан Денис Зинов, фристайл-могулдан ерлер арасында Антон Бондарев күміс алса, парашаңғыдан Роман Құрбанов қола медаль иеленді.

Сообщение Қысқы Универсиада: 16 қаңтарда қазақстандықтар қандай спорт түрлерінен сайысқа түседі появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus




Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса
Андрей Рублёв

Рублев убегал с корта по ходу матча с Оже-Альяссимом из-за проблем со здоровьем






Сотрудники Росгвардии обеспечили безопасность матча КХЛ в Москве

Для москвичей запущена онлайн-викторина в честь Дня защитника Отечества

Бустмаркет открывает новые возможности для фрилансеров

Хор русской песни «Московская сторонушка» выступит в Солнцево