Жүргізуші көлігінің нөмірін майлықпен жауып қойғаны үшін куәлігінен айырылды
Жүргізуші көлігінің мемлекеттік нөмірін майлықпен жауып қойғаны үшін куәлігінен айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Тәртіп сақшылары күмәнді көлікті бірден тоқтатқан. Оқиға республикалық маңызы бар Шымкент – Самара тасжолында болған.
"Белгілі болғандай, 30 жастағы Арыс ауданының тұрғыны көлігінің нөмірін дымқыл майлықпен жауып, өрескел құқық бұзушылық жасаған. Сот қаулысымен ол 1 жылға көлік басқару құқығынан айырылып, әкімшілік қамауға алынды", - делінген хабарламада.
Түркістан облысы Полиция департаментінің патрульдік полицейлері жыл басынан бері автокөліктерінің тіркеу белгілерін шешіп тастаған 40-қа жуық көлік жүргізушісін жауапқа тартқан.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!