Добавить новость
ru24.net
World News
Январь
2025

Сот Қаңтарда қаза болған екі адамның өліміне қатысты істі жабық қылды

0
16 қаңтарда Алматы гарнизоны әскери соты Қаңтар дүрбелеңі кезінде Алматыда қаза болған Ерлан Жағыпаров пен Әуез Қапсалановтың ісіне қатысты сотты жабық өткізу туралы қаулы шығарды. Сотты жабық ету туралы өтінішті куәгер ретінде шақырылған сарапшы-полиграфолог түсірді. 


Жәбірленуші жақтың адвокаты Сәуле Көпжанова сот қаулысымен келіспеді және сот процесін жабық етуге негіз жоқ деп санайтынын жеткізді. 



"Егер сот айтқандай, қызметтік қолданыстағы құжаттар болса, онда сот оларды зерттегенге дейін журналистерден уақытша шыға тұруды сұраса болар еді. Қазір куәгерлердің 80-90 пайызы сұралып бітті, зейнетке шыққан бір полиция қызметкері ғана қалды... Бірақ егер зейнетке шықса, онда кім қауіп төндіреді? Біз бе? Прокурор немесе әріптесім бе әлде журналистер ме? Біз сот шеміміне үзілді-кесілді қарсымыз" деді Сәуле Көпжанова.  


"Билікті асыра пайдалану" бабы бойынша қаралып жатқан іс желтоқсаннан бері өтіп жатыр. Сотталушы – әскери қызметкер Айтжан Әубәкіров. Бастапқыда іс "Адам өлтіру" бабымен тергелген. 


Іс материалдарына қарағанда, Жағыпаров пен Қапсаланов Республика алаңында ұсталған. Оларда қару болмаған. Бұдан кейін оларға кісен салынып, соққыға жығылған: оларды қолмен, аяқпен, мылтықтың дүбімен соққан. Кейін Алматының орталық алаңына жақын жерден олар оқ жарақатпен өлі күйде табылған. 




 



Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus




Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса
WTA

Мирра Андреева обыграла Игу Швёнтек в четвертьфинале турнира WTA-1000 в Дубае






СЭ: футбольные сборные России и Замбии сыграют 25 марта на "ВТБ Арене"

Из искры: лесные пожары могут начаться в 30 регионах уже в марте

Всем сборы: Ричард Гир исповедуется, Милош Бикович прыгает со скалы

Более 500 школьников вступили в «Юнармию» в Музее Победы