Добавить новость
ru24.net
World News
Январь
2025

Қазақстанда 60-тан аса әкімнің орынбасарына айыппұл салынған

0

Қазақстанда 60-тан аса әкім орынбасарына айыппұл салынды. Бұл туралы экология министрі Ерлан Нысанбаев Үкімет отырысы кезінде мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ерлан Нысанбаевтың айтуынша, "ҚазақстанҒарышСапары" спутниктік суреттерінің көмегімен бейберекет қоқыс орындарын анықтауға мүмкіндік бар. Экология департаменттері оқиға орнына барып, әрбір жағдайды тіркейді, содан кейін қоқысты жою туралы әкімдіктерге нұсқама беріледі. Егер шара қолданылмаса, лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

"2024 жылы 164 лауазымды тұлға 9,4 миллион теңге көлемінде айыппұл түрінде, оның ішінде аудан және қала әкімдерінің орынбасарлары деңгейінде 61 лауазымды тұлға жауапқа тартылды", – деді министр.

Соңғы жылдары анықталған қоқыс орындарының саны едәуір азайып, жойылу пайызы артты. Мысалы, 2018 жылы 8,7 мың қоқыс орны анықталып (оның 57 пайызы жойылған), 2024 жылы 4,8 мың қоқыс орны анықталып, олардың 91 пайызы жойылған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus




Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса
Янник Синнер

Калинский: Синнер сказал, что приедет к нам на матч «Пари НН»






В Москве и области могильщики пересядут на электросамокаты

ФСБ разоблачила коррупционеров в Минобороны: они продавали системы ПВО

Суд арестовал бывшего топ-менеджера "Роснано" Галстяна

С пользою для Отечества. Ульяновский «Мономах» отметил юбилей