Степногорскідегі № 4 жаза өтеу мекемесінің бұрынғы бастығы Асылхан Биттіғұлов сотталған азаматтан жазасын жеңілдету үшін 6 миллион теңге сұрап, ісі әшкере болған соң айыппұл арқалады. Ал оны ұстап берген сотталушы Ринат Хайруллин азапталып жатыр дейді құқық қорғаушылар мен туыстары.